Тақырыбы: Теріден алқа, ұялы телефонға қапшық жасау
Сарамандық жұмыстар:
Сыныбы: 7
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Теріден бұйымдар жасауға, оның қажеттілігін, есебін, жасау техникасын, оның материалдары және құрал - саймандарымен жұмыс жасауды, бұйым жасауға қызығушылығын арттыру.
Білімділік: тері материалдарынан әр түлі нәрселер: алқа, ұялы телефонға қапшық т. б. бұйымдар жасауды үйрену.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, алған білімін іс жүзінде пайдалануға ықпал ету. Теріден бұйымдар жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, іскерлікке, сақтыққа, еңбексүйгіштікке, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс
Сабақтың әдісі: ұжымдық, сарамандық, шығармашылық
Пәнаралық байланыс: биология, химия, сызу, математика.
Сабақтың құрал – жабдығы: тері материалдар, қайшы, сызу құралдары, желімдер момент т. б. сызбалар
Сабақтың көркемдігі: мақал – мәтел жазылған көркемдіктер, теріден жасалған бұйымдар, плакаттар, қайшы, сызу құралдары, суреттер.
Сабақты өту жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі
1. Өткен сабаққа қорытынды
•Тест сұрақтары
3. Жаңа тақырып
•Танымдылығы бар мәліметтер беру,
•Тері материалдарымен танысу
4. №13 Сарамандық жұмыс
5. №14 Сарамандық жұмыс
6. Жаңа сабақты бекіту
7. Оқушыларды бағалау
8. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылардың кабинетке енуі
• Сәлемдесуі
• Түгендеу
• Сабаққа дайындығын бақылау
• Кабинеттегі жұмысты тапсыру
• Екі топқа бөліп отырғызу
• Ат қою ұсталар , шеберлер
2. Өткен сабаққа қорытынды: Тест сұрақтарын тапсырып, пысықтау.
1. Тері неден алынады?
2. Тері қалай алынады?
3. Теріден қандай бұйымдар жасалады?
4. Құранды ер, ерлер ненің терісінен қапталады?
5. Теріге сурет салуға бола ма?
6. Теріні музыка аспаптарына қолдана ма?
7. Аяқ киімді ненің терісінен жасайды?
3. Оқушыларды сұрақтар бойынша бағалау
4. Жаңа сабақты түсіндіру.
Өткен сабақтарда 24 параграфта айтып өткен едік. Тері өңдеу өте ерте заманнан келе жатқан дәстүр. Бабаларымыз үй жануарлары мен жабайы аңдардың терілерінен илеп, киім - кешек, ыдыс - аяқ, музыкалық аспаптар, ат әбзелдерін т. б. жасаған. Бүгінгі күні былғары – сәнді - қолданбалы өнерде, бейнелеу өнерінде де жиі қолданатын материалдардың танымал бір түрі болды.
Бүгін біз сарамандық жұмыс барысында осы теріден алқа және ұялы телефонға қап жасаймыз.
5. Сарамандық жұмыс №13. Алқа жасау
Керекті материалдар:
Кез келген түсті жұмсақ 5х5 см. Өлшемді былғары қиындылары, немесе картон қағаз, қалың мата.
Орындау тәртібі:
Қатты қағаздан симметриялы фигуралар – 2 дана жүрекше үлгісін қиып алыңдар.
Үлкен жүрекше қызыл түсті, кішірегі – сары немесе алтын түстес.
Кішірек фигураны үлкенге желімдеңдер.
Ілмекке арналған жолақты қиып, үлкен жүрекшенің ішкі жағына желімдеп жапсырыңдар.
Алқаға арналған 60 х 0, 3 см. Өлшемді жолақ бау дайындаңдар да оны ілмекке сабақтаңдар
Баудың ұшындағы қарсы ілмекті (карабин) жапсырыңдар.
6. Сергіту сәті: Алға керіл, артқа керіл, оңға керіл, солға керіл.
Ұстаздан үлгі алған ұста болар,
Ұстаз сөзі – шәкіртке нұсқа болар.
Асыл сөзін ұғынып, алған шәкірт,
Екі айтқызбай есіне ұстап алар.
7. Сарамандық жұмыс №14. Ұялы телефонға арналған қапшық жасау.
Материалдары:
1. Телефон өлшеміне сай кез келген түстегі былғары немесе тығыз мата мысалы: 8 х 6, 5 см. 20 х 7см; бауына арналған 75 см. ені 5 мм. жолақ.
2. Негізгі түске сәйкес былғарының ұсақ қиындылары, мысалы қоңыр – сәнді әшекейлеу үшін.
3. Жабысқақ ілмек
Орындау тәртібі:
Қапшықты телефонды жауып тұратын қақпақшасымен (138 - сурет) немесе жоғарғы жағын ашық етіп те жасауға болады. Сәнді шашақпен немесе ықшамды өрнекпен безендіру керек.
Қапшық өлшемі телефонның өлшеміне сай етіп, еркін сыйып тұру үшін қосымша 1, 1, 5 см артық алынуы керек.
Шашақты б доға бойымен жапсырыңдар (139 - сурет) Ортаңғы жіптердің ұзындығы шамамен 6 см.
Қапшықты желімдеген соң бауды әмиянның екі шетіне жапсырыңдар. Егер қапшық қақпақпен болса, онда қапшықты желімдегеннен кейін бауды ішкі екі шетіне жапсырыңдар.
Қапшықтың жоғарғы қақпақшасына сопақша жапсырылып, оның астына ілмек ретінде жабысқақ желімденеді.
Жабық қақпақшаны баумен бекіту үшін, қақпақша астына былғары жолақ жапсырыңдар.
8. Сергіту сәті: Алға керіл, артқа керіл, оңға керіл, солға керіл.
9. Бекіту:
1. Тері неден алынады?
2. Тері қалай алынады?
3. Теріден қандай бұйымдар жасадық?
4. Қандай құралдар керек екен?
5. Ою өрнек жапсыру керек пе?
6. Қандай желімдер қажет екен?
7. Сызу құралдарын пайдаландық па?
9. Қорытынды: Міне балалар, теріден неше түрлі бұйымдар жасауға болады екен. Теріні алу, фабрикада химиялық жолмен алуды өткен сабақтардан білесіңдер. Ол теріден қазір біз алқа мен ұялы телефонға қап жасауды да үйрендік. Қажет болған жағдайда теріден өздерің ақбарлық нәрселерді қолдан жасауға дағдыланыңдар.
10. Оқушыларды бағалау:
Оқушыларды бағалау парақшасы бойынша екі топ бір – бірлерін бағалау.
• Бағалау парақшасын таратып беру
• Бір - бірін бағалау
• Журналға қою.
11. Үйге тапсырма беру