Мұқырым жатыр тоғыз жолдың торабында

Скачать

Ауылымды жырлаймын!

Өсіп - өнген ауылым қымбат маған,
Ол жерді мен ешкімге былғатпағам.
Мұқырымның күні менен түні де ыстық
Мен осы қасиетін жырлап бағам.
Мұқырымды ерекше мен бағалаймын,
Сағынып, сарғайғанда аралаймын.
Сыртта жүріп аңсарым ауып жүргенде
Мұқырым бір өзіңді паналаймын.
Қалқа менен Нұрмолда атамызда
Өсіп - өнген осы Мұқры ауылында.
Дәнеш ата, Зылиқа апа мүрдесі де,
Жатыр осы Мұқырымның бауырында.
Сыртқа кетсем сағынамын ауылымды,
Ойын ойнап, доп қуған бауырымды.
Басқа жерде жауа алмайтын нұр болып
Төгілетін аспаннан жауыныңды.
Мұқырым жатыр тоғыз жолдың торабында.
Еске аламын өткенді шоламын да.
Мұқырымды әрқашан жырлап өтем,
Елғондықызы Заида апамдай боламын да!!!


Скачать


zharar.kz