Жаман жолдас жауға қияр

Скачать

Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Антонимдер
Сабақтың мақсаты:
• білімділік: сөз мағыналарынан алған білімдерін пысықтай отырып, мағыналары қарама - қарсы сөздерге мысал келтіре отырып, антонимнің анықтамасын оқушылардың өздері ойланып, шығаруға бағыт беру;
• дамытушылық: өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып, ой белсенділігін арттыру;
• тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру, салыстыру
Көрнекілігі: кеспе қағаздар, суреттер, сөзжұмбақ, кесте.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен амандасу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген 84 - жаттығуды тексеру.
Үй тапсырмасын бекіту:
Омонимдер дегеніміз не?
Синонимдер дегеніміз не?
Омоним мен синоним сөздерге мысал келтір.

ІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

ІІІ. Жаңа тақырып
Антонимдер.
1. Үлкенге – құрмет
Кішіге – ізет.

2. Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.

3. Жақсы жолдас – жанға серік,
Жаман жолдас – малға серік.

4. Шашу – оңай, жинау – қиын.
- Қане, балалар, мына мысалдардағы қарамен жазылған сөздерге назар аударайықшы. Берілген мақал - мәтелдердегі: үлкен – кіші, әдепті – әдепсіз, арлы – сорлы, жақсы – жаман, шашу – жинау, оңай – қиын деген сөздердің мағыналары қандай болып тұр.
- Иә, дұрыс айтасыңдар, мағыналары қарама - қарсы болып тұр. Ендеше, антонимдер дегеніміз қандай сөздер? Қане, өзіміз ереже шығарайықшы.
- Өте дұрыс, балалар, мағыналары қарама - қарсы сөздерді антонимдер деп атаймыз. Бірақ ескере кететін бір жай бар, ол – сөздердің жұрнақ арқылы жасалатын болымды - болымсыздық мағыналары мен антонимдердің бірдей емес екендігі. Мысалы, оларды былайша салыстыруға болады:
болымды - болымсыздық мағына: ------- антонимдер:
жақсы – жақсы емес ------------------------ жақсы – жаман
ал – алма ------------------------------------- ал – бер
сулы – сусыз ---------------------------------- сулы – құрғақ

Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мысалы, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал - мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер көп қолданылады. Біз оған мына сөзжұмбақты шеше отырып, көзімізді жеткізе аламыз.
Сұрақтары:
1) Ақылдан жақсы дос жоқ,
Ашудан жаман … жоқ.
2) Ашу – …, ақыл – дос.
3) Дос … айтады, дұшпан күлдіріп айтады.
4) Көз - …, қол – батыр.
5) Ащы мен тұщыны татқан білер,
… мен алысты жортқан білер.
6) Жақсыдан үйрен, жаманнан ….
7) Алтын …, алғыс ал.

Жауаптары:
1. Қас
2. Дұшпан
3. Жылатып
4. Қорқақ
5. Жақын
6. Жирен
7. Алма

1) Оқулықпен жұмыс.
2) Жаттығулар орындау
3) Деңгейлік тапсырмалар:

1 - деңгейлік тапсырмалар:
Берілген жұмбақтардың шешуін тауып, антоним сөздердің астын сыз!

а) Бір оған жасың да, кәрің де,
Ағытар сырының бәрін де.
Тыңдасаң, көп нәрсе ұғасың,
Әлемді айналып шығасың.
(радио)

ә) Асты тас, үсті тас
Ортасында піскен ас.
(таба нан)

б) Күні - түні көз ілмей,
Үйіңде тұрады.
Тіліңді алмайды,
Тетігін бұрамай.
(сағат)

в) Бүгін киген ақ тоным,
Ертең болар қара тон.
(жер)

г) Аяғы бар, басы бар
Арқалаған тасы бар.
(тасбақа)

ғ) Түнде бар, күндіз жоқ.
(жұлдыз)

2 - деңгейлік тапсырмалар:
Биік, ашық, жаңа, жас, терең сөздерін қолданып, сөз тіркесімен антонимдер құра.
Биік тау – аласа тау
Ашық есік – жабық есік
Жаңа оқулық – ескі оқулық
Жас адам – кәрі адам
Терең су – таяз су

3 - деңгейлік тапсырмалар:
Көп нүктенің орнына тиісті антоним сөзді қойып, мақал - мәтелдердің жалғасын тап.
Саналы ерде сауыт бар,
... ерде қауіп бар.
Көп сөз – көмір,
… сөз – алтын.
Жаман жолдас жауға қияр,
... жолдас жанын қияр
Білімдіге дүние жарық,
... дің күні кәріп.
Сол көзіңе,... көзің қарауыл болсын.

4 - деңгейлік тапсырмалар:
Берілген суреттерге қарап антоним сөздер жасау.

4) Кестемен жұмыс
Мына кестедегі берілген сөздердің синонимін және антонимін табу керек.
Берілген сөз------------------ Синоним--------------------- Антоним
Жарлы
Жолдас
Қарт
Шағын
Бойшаң
Адал

ІІІ. Сабақты бекіту
Антоним

Мағыналары қарама - қарсы сөздер
Ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізеді
Болымды - болымсыздық мағыналары болады
Мақал - мәтелдерде, жұмбақтарда қолданылады

ІҮ. Үйге тапсырма
1) Антонимдер (40 бетті оқу)
2) Ертегі құрастырып келу

Ү. Бағалау
Бағалау парағы

Деңгейлік тапсырмалар:


Скачать


zharar.kz