Тазартылмаған өсімдік май организмге зиянды

Скачать

9 - сынып
Тақырыбы: Сабын және СЖЗ
Үй тапсырмасын тексеру:
Күрделі эфирлер мен майлар тақырыбына химиялық диктант (ия немесе жоқ деп жауап беріледі)

Күрделі эфирлердің хош иісі болады.
Күрделі эфирлер карбон қышқылдарының өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі.
Май - биологиялық отын.
Май қатты және сұйық болып бөлінеді.
Май суда жақсы ериді.
Майды ұзақ сақтаған өте пайдалы.
Май тірі организмдердің жылуын сақтайды.
Кокос майы сұйық майға жатады.
Қатты майдың құрамында қаныққан карбон қышқылының қалдығы болады.
Тазартылмаған өсімдік май организмге зиянды.

Сабын және синтетикалық жуғыш заттар
Сабақтың мақсаты: оқушыларға сабын және синтетикалық жуғыш заттар туралы қосымша мәліметтер беру.
Сабын
Сабын құрамында 16 - 18 көміртек атомдары бар жоғары карбон қышқылдарының карбоксил тобындағы сутек атомының орнын металл атомы басқан туындысы. Сабындар қатты және сұйық болады. Қатты сабынның құрамына натрий, ал сұйық сабынның құрамына калий атомдары кіреді.

Сабын алу үшін майды натрий гидроксидімен немесе натрий карбонатымен қосып қыздырады.
Май + NaОН → глицерин + RСООNa (сабын)

Сабын гидролизденгенде сілтілік орта түзіледі:
RСООNa + Н2О → RСООН + Na+ +ОН -

Синтетикалық жуғыш заттар
СЖЗ - құрамы күрделі синтетикалық қосылыстар. Сабыннан артықшылығы кальцийлі тұздары да суда жақсы ериді, сәйкесінше кір алғыштық қасиеті кермек суда жоғары болады.

Шығыс Қазақстан облысы,
Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы
К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің
химия пәні мұғалімі Аубакирова Ардақ Машановна

Сабын және СЖЗ. жүктеу


Скачать


zharar.kz