Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Қарабұлақ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Коныспаева Салтанат Коныспайқызы
Тақырыбы: Жас информатик
Мақсаты:
• Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру. Қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.
• Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
• Оқушыларды сабырлылыққа, тәртіптілікке, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд.
Түрі: сайыс.
Сайыс барысы:
І - кезең. Инфобілім
ІІ - кезең. Полиглот
III - кезең. Бұл кім?
ІV - кезең. Таңдау - табыс
V - кезең. Қиял әлемі
Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім ,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу - р - Райхан әл Бируни. Ендеше, білімді байлығымызды көрсетейік. Жас информатик атты білімділер сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысымызға 6 - 7 - 8 сыныптар арасында өтеді. Бүгінгі сайысқа қатысушы сайыскерлерімізбен таныс болайық.
Олар:
---------------------------------------
Бүгінгі сайысымыз 5 турдан тұрады.
І - кезең. Инфобілім
ІІ - кезең. Полиглот
III - кезең. Бұл кім?
ІV - кезең. Таңдау - табыс
V - кезең. Қиял әлемі .
Ойынымыздың алдында бүгінгі сайысқа әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болайық.
---------------------------------------
Ендеше бүгінгі сайыскерлерімізге сәттілік тілеп, сайысымызды бастайық:
І - кезең. Инфобілім . Бұл кезеңде әрбір қатысушыға информатика пәнінен 2 минут ішінде 10 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
1 - қатысушыға: (6 - сынып)
1. Ақпараттың өлшем бірліктерін ата. (бит, байт, килобайт, мегабайт, гигабайт)
2. Компьютерде жұмыс жасау кезінде экраннан қанша қашықтықта отыру қажет? (60 - 70 см)
3. Алгоритмнің түрлерін ата.(сызықтық, тармақталған, циклдік)
4. Ақпараттың қанша пайызын есту арқылы аламыз? (10)
5. Алгоритмді жүзеге асырушы? (орындаушы)
6. Қандай алгоритм циклдік алгоритм деп аталады? (алгоритмнің бірнеше рет қайталануы)
7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
8. Компьютер жанына қойылатын өсімдік. (кактус)
9. Ақпарат дегеніміз не? (қоршаған ортадағы мәлімет)
10. Информатика кабинетінде жүріп - тұру ережесі қалай аталады? (техника қауіпсіздігі ережелері)
2 - қатысушыға:(6 сынып)
1. Сурет салуға арналған программа? (рaint)
2. Файл дегеніміз не? (байттардың әлдебір атауы бар тізбегі)
3. Алгоритмнің соңы қандай бұйрықпен аяқталады? ( соңы )
4. Ақпараттың қанша пайызын көр арқылы аламыз? (81)
5. Ең тез тарайтын вирус қалай аталады? (мелисса)
6. Информатика қандай ғылым? (ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру тәсілдері туралы ғылым)
7. Драйвер дегеніміз не? (компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар.
8. Утилита дегеніміз не? (компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру программалары
9. 1 мегабайт қанша килобайтқа тең? (1024 кб)
10. Ақпарат сөзі латын тілінен аударған қандай мағынаны білдіреді? ( information түсіндіру, баяндау, мәлімет)
3 - қатысушыға:(7 сынып)
1. Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы. (пернетақта)
2. Компьютерлік графиканың неше түрі бар? (3)
3. Компьютердің миы деп аталатын құрылғы. (процессор)
4. Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас. (интерфейс)
5. Монитор дегеніміз не? (ақпаратты көрсетуге арналған құрылғы)
6. Компьютердің қосымша құрылғыларын ата. (принтер, сканер, модем, колонка т. б.)
7. Компьютердің ішкі жады (жедел жад)
8. Бірінші электрондық есептеуіш машина қай жылы жасалды? (1946)
9. Информатика қандай ғылым? (ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру тәсілдері туралы ғылым)
10. Іске қосу - батырмасын ата. (Пуск)
4 - қатысушыға:(7 сынып)
1. Ақпаратты компьютерден қағазға басып шығаруға арналған құрылғы. (принтер)
2. Екі өлшемді графика нешеге бөлінеді? (3)
3. Ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы? (сканер)
4. Дүниежүзілік желі қалай аталады? (интернет)
5. Компьютердің ішкі жадының неше түрі бар? (2)
6. Компьютер жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе)
7. Бір - бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы. (компьютерлік желі)
8. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі? (delete)
9. Есепшот Ресейде қай ғасырда пайда болған? (15 - 16ғ)
10. Жолды түгел бас әріппен теру үшін қай пернені пайдаланады? (CAPS LOCK)
Толық нұсқасын жүктеу