Жемістер мен көкөністерді ажырату, атауларын айту

Скачать

Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Дидактикалық ойындар еліне саяхат

Мақсаттары:
Білімділік: Дидактикалық ойындар арқылы балалардың алған білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын байыту, ТТШТ (ТРИЗ), Луллия шеңбері (Кольцо Луллия), мальберттегі түрлі - түсті суреттер, интерактивтік тақтадағы ойындар арқылы ойлау, сөйлеу мәдениеттерін дамыту, тілдерін байыту.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Қостілдік: Фрукты - жемістер, овощи - көкөністер.
Пайдаланылған көрнекіліктер: Интерактивті тақта, мальберт, слайд - презентация, Луллия шеңбері, топ балаларының физминутка видеосы, музыка, түрлі - түсті суреттер
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Шаттық шеңбері

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі туралы қандай жыр - шумақтар білесіңдер?

- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Балалар сендер ойын ойнағыларың келе ме? Ендеше бүгін көп ойындар ойнайық.

Балалар тақтаға назар аударамыз. Күз мезгілі болғандықтан біз бақша мен баққа саяхатқа шығайық. Сендермен 1. Бақта ма, бақшада ма? д о ойының ойнайық.

Мақсаты: өткен тақырып бойынша жемістер мен көкөністерді ажырата білу, атауларын дұрыс айту, тілдерін қызықты суреттер арқылы дамыту.
Шарты: слайд - шоудағы берілген тапсырмаларды орындау.
1. Жемістер мен көкөністерді ажырату, атауларын айту.

2. Алманың түсіне қарап, себеттерге орналастыру
3. Жемістердің көлеңкесі арқылы, жемістердің түрлерін табу.


Скачать


zharar.kz