Электрондық оқулық - қазіргі таңда оқытудың барлық жүйелерінің ішінде алғашқы қатарда

Скачать

Қоғамды ақпараттандыру кезеңінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуда ІТ – технологияларының мүмкіндіктерін пайдалану жолдары

Қазіргі кезеңдерде негізгі мәселелердің бірі – оқыту процесін де білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімдік мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып табылады. Білім берудің кез келген саласында ІТ – технологияларды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Әлі де білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Пайдаланып жүрген білімді ақпараттандыру құралдары мен форманың көптүрлілігі оқу үрдісінің дидактикалық тиімділігін максималды жетістікке жеткізілуі тиіс. Сонымен бірге, қазіргі кездегі ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың жекелеген құралдарын әр түрлі сабақтарда, мәселен, математика, тәжірбиелік зерттеу және өздігінен оқуға, сондай - ақ оқушылардың ақпараттық өңдеу әрекетінде алған білімдерін көрсету кезінде кешенді түрде пайдаланған кезде ғана дидактикалық тиімділікке қол жеткізуге болады.

Білім беру үрдісіне электрондық құралдардың енгізілуі білім алуға жаңа мүмкіндіктер ашатындықтан аса маңызды болып отыр. Электрондық оқулық - қазіргі таңда оқытудың барлық жүйелерінің ішінде алғашқы қатарда. Бұл дәстүрлі оқыту түрін жоққа шығару емес, керісінше, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқытудың жаңа түрлерімен толықтыру қажеттілігін уағыздайды. Ақпараттық технологияларсыз оқыту тиімділігін арттыру, бәсекеге қабілетті оқу орны қатарына қосылу мүмкін емес [1].

Тұтас дәуір демесек те технология ғасыры адамзат дамуының бір кезеңін қамтитын уақытқа жетіп қалды. Жүрдек пойыз жылдамдығын еске салатындай өте жедел қарқынмен дамып келе жатқан ғаламтор ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз пайдасына жаратып, бүгінгі таңда тұрақты пайдаланушылар саны 1, 5 млрд. адамнан асыпты.


Скачать


zharar.kz