Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың Жаз өлеңі
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың Абай туралы түсініктерін кеңейту. Жаз өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Мәнерлеп оқуға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын танымдылық қызығушылығын дамыту, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелігі: Оқушыларды имандылыққа, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, сөздік, сұрақ - жауап, кубизм
Көрнекілік: Абай суреті, Жаз мезгілінің суреті
Пәнаралық байланыс; дүниетану, бейнелеу, музыка
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
а) Психологиялық дайындық Шаттық шеңбер құру
2. Қызығушылығын ояту. Оқушыларды топқа бөлу
1 - топ Күз .
2 - топ Қыс
3 - топ Көктем
4 - топ Жаз
Ой қозғау :
- Әр топтан бір оқушы жыл мезгілдеріне байланысты өз ойларын айтып суреттейді.
3. Мағынаны тану . Мұғалімнің түсіндірмесі.
- Сендер, жаз мезгілі туралы осылай суреттейді екенсіңдер. Ал, енді Абай атамыз қалай суреттеген
екен? Өлеңді оқымас бұрын Абай атамыз туралы білетіндерімізді есімізге түсірейік.
- Әр топтан бір оқушыдан айтады.
Топтастыру арқылы Абай туралы білетіндерін еске түсіру.
жазушы, аудармашы
Абай Құнанбаев. қоғам қайраткері,
ұлы ақын, қазақ халқының ақыны, философ
- Балаларға арнап жазған өлеңдерін білеміз бе?
Абай Құнанбаев өмірімен таныстыру. Мұғалімнің түсіндірмесі
- Сонымен қатар Абайды лирик ақын деп те атаймыз. Өйткені табиғаттың әсем сырларын, ондағы болып жатқан құбылыстарды, адам өмірінен арнап жырға қосты. Оның жылдың төрт мезгіліне арнап шығарған Жаз , Күз , Қыс , Жазғытұрым және т, б өлеңдері бар.
- Бүгінгі сабағымызда Абай суреттеген Жаз өлеңімен танысамыз.
1 - топ Өлеңді мәнерлеп оқу.
2 - топ Оқушыларға іштей оқыту
3 - топ Өлеңнің мазмұнын айту
4 - топ Мәнерлеп оқу минутын өткізу
4. INSERT стратегиясы(маған таныс емес) деген сөздің астын сызу.
- Сөздік жұмысы.
Күркіреп - өзеннің ағып жатқандағы дыбысы
Шұрқырап - кісінейді
Шалғын - жайылым немесе қалың шөп
Жоны - арқасы
Ыңқылдап - тойынғанның белгісі
5. Мазмұнын ашу.
Абай бұл өлеңінде...................
6. Топпен жұмыс.
1. топ. Жаз мезгіліне сурет салу.
2. топ. Берілген ұйқастардан өлең құрастырады.
3. топ. Жаз мезгіліне байланысты мақал - мәтел айтады.
4 - топ Жаз мезгілі. Эссе жазу
7. Сергілу сәті. Желсіз түнде жарық - ай әнін орындау
8. Венн диаграммасы.
Қыс
Жаз
9. Ой толғау. Бес жолды өлең құрастыру
1. Зат есім
2. Сын есім
3. Етістік
4Сөз тіркесі
5. Синоним
Бекіту. Тобықтай түйін
- Абай - ұлы ақын, жазушы, лирик т. б
- Жаз өлеңін оқып таныстық
- табиғат, сұлулық, әсем сырларын ондағы болып жатқан құбылыстырды, адам өміріне арнап жазған
ҮІ. Бағалау
ҮІІ Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. Абай суреттеген жаз бейнесінің суретін салу, бейнелеп тұрған сөздерді тауып дәптерге жазу.