Сабақтың тақырыбы: Іскерлік ортада сөйлеу мәдениеті
Сабақтың мақсаты: оқушылардың іскерлік қарым - қатынас барысында сөйлеу мәдениеті туралы білімдерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері: білімділік – іскерлік ортада сөйлеу мәдениетін, дауыс және сөйлеу екпінін, тіл тазалығын сақтауды, сөздерді дұрыс айтуды, аудармашы арқылы сөйлесуде ескеретін қағидаларды білу жолдарын үйрету;
тәрбиелік - іскерлік ортада мәдениетті, әдепті, ізетті, білімді, жан - жақты болуға, ана тілін сүюге, ынтымақ пен бірлікке тәрбиелеу;
дамытушылық – сұхбатты жүргізу барысында өз ойын еркін жеткізе білуге баулу, тіл байлығын дамыту, білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: іздену, талдау, жинақтау, топтастыру, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, пікірталас, сұхбат, іскерлік ойын.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, шет тілдері
Сабақтың типі: дәстүрден тыс, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, электрондық оқулық, кестелер, қанатты сөздер, үлестірмелі қағаздар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
- Балалар, біздің бүгінгі және ертеңгі мақсатымыз не деп ойлайсыңдар?
- Оқу, білім алу, тәрбиелі, саналы азамат болу, еңбек ету, ел экономикасын дамытуға үлес қосу, мәдениетін көтеру т. б.
- Ел экономикасы мен мәдениетін өркендету үшін не істеуіміз керек?
- Басқа мемлекеттермен іскерлік қарыс - қатынас жасау арқылы тәжірибе алмасамыз, үйренеміз. Үйрену арқылы іске асырамыз.
ІІ. Үй тапсырмасын талдау. Ой шақыру арқылы іскерлік қарым - қатынас тиімділігінің негізгі шарттары туралы сұрақтарға жауап алу.
1. Іскерлік қарым - қатынас тиімді өту үшін нені ескеруіміз керек?
2. Әдеп дегеніміз не?
3. Әдеп терминін алғаш қолданған кім?
4. Аристотельдің айтуынша, кішіпейілділіктің неше түрі бар?
5. Қытайдың ұлы ойшылы Конфуций ойы қандай болатын?
6. Күнделікті қарым - қатынас болсын, іскерлік ортадағы қарым - қатынас болсын әдептіліктің басты шарты деп нені санаған?
7. Қандай керемет дарынды, ақылды, білімді адам болса да, күнделікті өмірде, тіпті айналысып жүрген іскерлік саласында да ешбір табысқа жете алмайды. Мұның басты себебі неде деп ойлайсыңдар?
60 - жаттығу. Іскерлік қарым - қатынас тиімділігінің негізгі шарттары тақырыбына қатысты 4 - 5 пункттен тұратын өз ойларын жазу. Оны бір - бірлеріңмен салыстыра отырып, өз ойларыңды дәлелдеңдер. Іскерлік қарым - қатынас пен жеке адамдар арасындағы қарым - қатынастың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айқындаңдар. Венн диаграммасы түрінде көрсетіңдер