ОҚО, Шымкент қаласы, №46 Ақбөпе бөбекжай балабақшасы
Шаттық мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Қарабаева Ділшат Ахметқызы
Сабақтың тақырыбы: Ою - өрнектер сыр шертеді .
Білім саласы: Қатынас , Шығармашылық , Таным .
Оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту, жапсыру, құрастыру.
Сабақтың мақсаты: Балаларды халық мәдениетіне үйрету, қазақ халқының әдет – ғұрыптарын тереңірек ашу және дамыту, балалардың бойына сіңіру. Балалардың қызығушылығын арттыру арқылы, шығармашылық қабілетін дамыту.
Білімділік: Балаларды ою - өрнек түрлерімен таныстыру. Ою - өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып балалардың шеберлігін ұштау.
Дамытушылық: Балалардың есте сақтауын, жылдамдық, шапшаңдық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Жұмыс үстінде ұқыптылыққа, сұлулыққа жинақылыққа назар аудара отырып, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, сызу, қию, жапсыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ұлттық ою - өрнектер, киіз үлгісі, ою - өрнектердің сызбасы, құм терапиясы, желім, түрлі - түсті жіптер, трафарет.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
Шаттық шеңбері.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық
Таза ауадан дем алып
Жүрек жылуын алайық.
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарға сыйлайық.
Жылулық шеңбері:
- Аспанымыз ашық болсын!
- Еліміз тыныш болсын!
- Балабақшамыз жайнай берсін!
- Күніміз сәтті болсын!
- Балалар барлығымыз орындарымызға жайғасайық. Бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы Ою - өрнектер сыр шертеді .
- Балалар, әр халықтың өзіне тән ұлттық белгілері бар. Қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі – ұлттық ою - өрнектері. Ертеде ою - өрнек арқылы бір нәрсені біліп, үйренуге болған, ол бір мағына ұғымды берген.
Мысалы мына бейнетаспадағы көрініске назар аударыңдар. Бейнетаспада ұлттық ою - өрнектер туралы қысқаша шолу.
Тәрбиеші: - Қане, балалар ою өрнек туралы не білесіңдер?
Бекнұр: Ою - өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған, “Орнамент” (әшекей) деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан. Ұлттық киімнің негізгі сәндеушісі – ою - өрнек.
Мерей: Өсімдік типтес ою – өрнек өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, дәні, негізгі элементтері көрінеді.
Тәрбиеші: Ою - өрнектің қандай түрлерін білесіңдер?
Бекзат: Зооморфтық ою - өрнек. Өрнектер негізінен жануарларды, яғни аң, құс, балық т. б. түрлі жәндіктерді және олардың мүшелерін бейнелейді.
Алихан: Аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты өрнектер: ай, күн, жұлдыз, айшық, аймүйіз, құс жолы, жұлдызша, кемпірқосақ.
Нұртаза: Заттардың атауына байланысты өрнектер: балға, балта, тарақ, балдақ, күмбез, табақ, қармақ.
Тәрбиеші:- Жарайсыңдар, балалар енді осы ою - өрнек туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Нұрсұлтан:
Ою ойғанның ойы ұшқыр.
Жанель:
Шебердің қолы – алтын.
Шешеннің сөзі – алтын.
Нұрмухаммед:
Ою ойған сызу да сызады.
Аруна:
Шешеннің тілі - шебердің бізі.
Дарын:
Өнерлі бала - сүйкімді.
Альбина:
Өнер көзі – халықта
Дилназ:
Өнер – өлмес мұра.
Ғажайып сәт:
Шет елден қонақ кіріп келеді. Балалармен амандасады.
- Балалар ағылшын тілін білеміз бе?
Ағылшын тілінде бірнеше сұрақ – жауап жасап алып келген ойынды ойнауға ұсыныс жасайды.
Greetings:
- Good morning children!
Балалар:
- Good morning!
Логикалық ойын:
Ненің суреті жасырылған?
Ойынның шарты: жасырылған суреттерді тауып, атын ағылшын тілінде айтып береді
Ағылшын тілінде:
Түйе – Camel
Құс – Bird
Қошқар – Ram
Қаз – Goose
Интербелсенді тақтамен ою - өрнек туралы жұмыс.
Бейнетаспада бота, құс, арқар, түйе бейнелері көрсетіледі. Балалардан қандай ою келіп шыққанын сұрайды.
- Children, I have heart that you are very cleaver. So I brought some game. Shall we play together?
- Teachers action:
- Show the game on the inter - active desk: What do you think what is could be?
- Teacher: Exactly! What about next one? - Oh, yes!
- Good! This one?
Well done you! Any idea for last picture.
- It’s a bird
- It could be a camel
- It’s a Ram
- Excellent! Now, please, tell me Kazakh national patterns, relating to these animals.
- Oh it should be goose
Ою - өрнектердің аттарын ағылшын тілінде атайды.
- For example
Қошқар мүйіз – ramhorns,
Құс қанат – birdwing,
Түйе табан – camelfoot
Қазмойын – goose neck
- Oh I didn’t mishear then. You are cleaver. Ok, Thank you so much.
- Good bye children!
- Good bye!
- Балалар, біздер осы ою - өрнектерді көзімізбен көру үшін ауылға әндетіп ауылға барайық. Әжеміз біздерді ауылға текемет тоқуға, басқұр жасауға көмектесуге шақырған.
- Балалар ауылға сергіту жаттығуын жасап әндетіп барады.