3 - сынып
Мұғалім: Тогузова Д
Сабақтың тақырыбы: Н. С. Қалада. Ауылда. Менің ауылым.
1. Білімділік: Оқушыларға Қалада. Ауылда модулі бойынша алған білімдерін тексеру, саралап нәтижесін бағалау
2. Дамытушылық: Оқушылардың фонетикалық, лексикалық және де әр түрлі тапсырмалар арқылы ауызекі сөйлеу тілін дамыту
3. Тәрбиелік: Оқушыларды өз қаласын, ауылын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, слайд,
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың типологиясы: 1345687
Сабақ түрі: қорытынды сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, тест
Сабақта қолданылатын тәсілдер: жекелей, жұптық, топтық
Жүру кезеңдері:
Мұғалімнің іс - әрекеті: Оқушының іс - әрекеті:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
- Сәлеметсіз бе, мұғалім.
- Қалдарың қалай?
- Өте жақсы!
- Сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның нешесі
(Оқушылар сұрақтарға жауап береді)
ІІІ. Білімді жан - жақты тексеру
Фонетикалық жаттығу:
Алматының бағы қандай?
Алмасының дәмі балдай.
Аспанынан арайлы
Алтын сәуле тарайды.
1. Мұғалім оқиды.
2. Оқушылар хормен қайталайды.
Мысалы: әр оқушы бір сөзден алып, буынға бөліп, дауысты - дауыссызын ажыратады.
2. 1 Лексикалық жаттығу:
Суретпен жұмыс
- Мынау нелер?
- Бұндай үйлер қайда орналасқан?
- Ауылда нелер бар?
ІІІ. Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ, сол қолымда бес саусақ. Оқушылар қайталап қимылмен келтіреді
ІV. Жаңа сабаққа кіріспе:
- Балалар, бізде бүгін Қалада. Ауылда модулі бойынша нәтиже сабақ. Осы модуль бойынша алған білімдеріңді әр түрлі тапсырмалар бойынша тексереміз Оқушылар тыңдап, жаңа сабақта нені білу керек?
Нені үйрену керектігін тыңдайды
Тест
1. Сенің көшең дұрыс аудармасын тап
А моя улица
Б) твоя улица
В) ваш улица
2. Алматыда.... бар. Керекті сөзді тап.
А) Алатау тауы
Б) Ертіс, Үлбі өзендері
В) Есіл өзені
3. Астана Қазақстан Республикасының -.....
А) өндірісі
Б) ауылы
В) елордасы
4. тау бөктерінде аудармасын тап
А) у подножии горы
Б) у подножии реки
В) возле города
5. Мына сөздерден құралған сөйлемді тап.
шығарады, алтын, Өскеменде, мырыш.
А) шығарады Өскеменде алтын, мырыш
Б) алтын, мырыш шығарады Өскеменде
В) Өскеменде алтын, мырыш шығарады.
2 - тапсырма. Веен диаграммасы 3 - топқа:
Астана - Алматы, Өскемен - Астана, Ауыл - қала
3 - тапсырма. Аудар.
Астана - столица Казахстана. Астана – в центральном Казахстане. Возле Астаны есть река Ишим. В Астане есть: развлекательный центр, парки, помятники, высокие здании, площади, музей. Астана из года в год красивеет. Астана боготый, молодой, красивый город Казахстана. Оқушылар тест жұмысын орындайды
Дұрыс жауабы
1) б
2) а
3) в
4) а
5) в
Сергіту сәті:
Саусаққа арналған сергіту сәті (Видеода көрсетіледі)
Проект Қалада ауылда (Бұл тапсырмаларды топпен суреттерді жапсыру арқылы өз қалаларын слайд жетегімен қорғайды).
VІІІ. Үйге тапсырма беру:
Қайталау. Менің ауылым сөйлесім құрау
Оқушылар күнделіктеріне үй жұмысын жазады
Бағалау
Белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалаймын
VІІ. Сабақты бекіту: - Балалар, бүгінгі сабақ бойынша:
- не істедік?
- сабақ ұнады ма?
Оқушылар сұраққа жауап береді