Сөйлейтін қабырға пиктограммалар

Скачать

Сабақ тақырыбы: Диаграмма
1 - сынып
Оқу мақсаты: 1. 5. 2. 5. Деректерді жинау, кестелерді, пиктограммаларды диаграммаларды күнделікті материалдың көмегімен жүйелеу, жасап бітіру.
Тақырыпты түсініп, тыңдап, сұрақтар арқылы талқылайды.
Алған білімді қолдана алады.
Ресурстар: Сөйлеу қабырғасы пиктограммалар, тіктөртбұрыш, шаршы, парақтара 4, желім, смайликтер, текше.
Тірек сөздер: Диаграмма - diagram
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды диаграмма ұғымымен таныстыру, мәлімет жинау дағдысын қалыптастыру, мәліметтерді диаграмма көмегі арқылы дәлелдеуге үйрету.
Жетістік критерийлері Мәліметтерді жинақтап, диаграмма құра біледі. Диаграмма көмегімен мәліметтерді дәлелдей алады.

АКТ қолдану дағдылары: Интербелсенді тақта.
Алдыңғы білім: Сөйлейтін қабырға пиктограммалар.

Сабақтың басы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Дос болайық бәріміз.(Барлығы қолдарын ұстап тұрады.)
Атсын күліп таңымыз.(күн жасайды қолдарымен)
Тыныштықты сақтаймыз.
Сабағымызды бастаймыз. (Бір - біріне алақандарын қосады.)

Топқа бөлу. Гүлдерді таңдап, шаршылардың түсіне қарай бөлінеді.
5 топқа бөлінеді.
І ЖАСЫЛ
ІІ ҚЫЗЫЛ
ІІІ САРЫ
ІY КӨК
Y ҚОҢЫР
Сабақтың ортасы

Қызығушылығын ояту
Сөйлейтін қабырға пиктограммаларды әр топ табады. (жемістер, көкөністер, сүт өнімдері.)
Салыстыру, өрнек құру.
Пиктограмма сөзіндегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды анықтап, тік төртбұрыш, шаршылармен санын көрсетеді.

Мағынаны тану
(МК) Балалардың сүйікті ісі
Диаграммаға қарап, сұрақтарға жауап беру.
(Т) Неше жастасың? Балалар бір - бірінің жасын сұрап біледі диаграмма құрады.

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды соғамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Билеп, билеп аламыз.

Сабақтың аяқталуы
Қызықты тапсырма:

(Т) Шығарып көр.
Спорттық жетістіктер.
Орындап көр.
Диаграмма құрады, диаграмма бойынша тапсырма құрастырады, салыстырады, дәлелдейді.

Куббизм стратегиясы
Текшенің түсі бойынша сұрақ әр топ жауап береді.

(ҚБ) Дискриптор
Мәлімет жинақтап диаграмма құрады.
Гүлзардағы гүлдер.
Диаграмма көмегімен мәлімет жинайды. Қысқа жинаған қор.
Қатені тауып, түзетеді. Диаграмманы бояйды. Түрлі - түсті қағаз.

Алматы облысы, Іле ауданы,
Боалдай кенті, №39 гимназия
Бастауыш пән мұғалімі
Зекешова Кабира Кайнешовна

Диаграмма. жүктеу


Скачать


zharar.kz