Өте жақсы, балалар бауырсақты қасқырдан құтқарып алдық

Скачать

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,
Әлиева Гүлсім Кеңесқызы

Сабақтың тақырыбы:Не деу керек?
Буын 58-59-жаттығу
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларды өлеңді түсініп оқуға буын туралы түсінігін қалыптастыру.
ә) оқушылардың оқу және сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін дамыту, сөз байлығын арттыру.
б) оқушыларды әдемі жазуға тәрбиелеу, әдепті сыпайы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ –жауап
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір ,таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.
Оқушыларды 3 топқа бөлу: Алғырлар
Білімділер
Зеректер
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Өлеңді жатқа сұрау.
Сәлемдесуге байланысты қандай сөздер білесіңдер?
1топқа-мұғаліммен
2топ-үлкен атамен
3топ-досымен
3.Жаңа сабақ.
- Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ма? Ендеше балалар, бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа барайық.
- Бауырсақ ертегісін білесіңдер ма?
- Ертеде шал мен кемпір болыпты.Шал кемпіріне бауырсақ пісіріп береді, оны суытуға терезенің алдыны қояды.
Бауырсақ домалап қашып кетеді . есеп шығару –буын. Домалап қашып келе жатса алдынан қоян шығады.Қоян бауырсақты жегісі келеді.
- Қане балалар, бауырсақты қояннан құтқарып алайық. Мына тапсырманы орындасақ, қоян бауырсақты жемейді.
1. Бақа Уық Ыдыс Нан
Б У Ы Н
Ережені түсіндіру.
Балалар буын деген сөзді бұрын естідіңдер ма?
- Әліппеде дауысты, дауыссыз дыбыстарды өткенімізде сөздерді буынға бөліп үйрендік.Сөздің буынға бөлінуі неге байланысты?
Ереже. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. От, а-та, ме-ре-ке,
ба-уыр-сақ.
-Жарайсыңдар, енді бауырсақты қояннан құтқардың оны әрі қарай шығарып салайық.
Сұр қоян әні
- Бауырсақ әрі қарай домалап кетті.Алдынан қасқыр шығады, бауырсақты жегісі келеді.
- Балалар, бауырсақты қасқырға жегіземіз ба?
Ендеше тапсырманы орындайық.
58-жаттығу
Сөздерді буынға бөліп оқыңдар.
3 топ оқушы шығып буынға бөліп оқиды.
Апа, әже, ата, көке, шеше, нағашы, жиен әр сөздегі дауысты дыбыстарды атаңдар.
Өте жақсы, балалар бауырсақты қасқырдан құтқарып алдық.
- Бауырсақ орманда әрі қарай домалап келе жатса, алдынан не шығады?
- Аю шығады.
Балалар, аюға бауырсақты жегіземіз бе?
Ендеше аюдың тапсырмасын орындайық.
59-жаттығу
Аюдың тапсырмасы.
ә.мақал-мәтел оқыңдар.
2.Әрі сөзде неше дауысты дыбыс, неше буын бар.
Бауырсақты аюдан құтқардық, өзіміз бір сергіп алайық.
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп аламыз
Қалтамызға саламыз
- Балалар бауырсағымыз әрі қарай домалап, алдынан түлкі шығады.
Түлкі өте қу менде бауырсақты құтқаруға көмектесейін.
- Өлеңді авторымен таныстыру.
- Не деу керек?
Ә.Дүйсенбиев- өмірімен таныстыру.
Түлкінің тапсырмасы.
Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Өлеңдегі сұрақтарға жауап беру.Мақал мағынасын түсіндіру.
1.Рахмет 2.Кешіріңіз
3.Рұқсат па 4.Енді қайталамаймын
Қорытынды бөлім:

Сыпайы сөздер
Балалар, бізге қонаққа келген аңдарға сыйлық сыйлайық.
Қоянға-сәбіз
Қасқырға-ет
Аюға-бал
Түлкіге-ірімшік

Үй тапсырмасы:
Өлеңді мәнерлеп оқу мақалды жаттау 54-жаттығу


Скачать


zharar.kz