САБАҚ №5
Қазақстан тарихы 5 сынып
Сабақтың аты: §5 Қазақстан территориясындағы қола дәуірі
Жоспар: Білім стандарты, пән бағдарламасы, Қазақстан тарихнан әңгімелер оқулығы - 5 сынып, автор Артықбаев Ж. О. Сабданбеков Ә. Ә, Әбіл Е. Н Интернет материалдары
Жалпы мақсаты: 1. Өндірісте металл құрал – саймандардың игерілуі туралы мәлімет беру
2. Андрон және Беғазы – Дәндібай мәдениеттерінің мәнін түсіндіру
3. Топтың пікірімен санаса білуге тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: 1. Өндірісте металл құрал – саймандардың игерілуі туралы білетін болады
2. Андрон және Беғазы – Дәндібай мәдениеттерінің мәнін түсінеді
3. Топтың пікірімен санаса алады
Негізгі идеялар: Бұл дәуірде адамзат баласы металл өңдеуді игереді. Ал өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерін пайда болуына себеп болды. Андронов және Беғазы – Дәндібай мәдениеті. Қола бұйымдары тас пен мыстың ығыстырылуы.
Тапсырмалар: 1. Ой қозғау(Сұрақтар қою техникасы)
2. Топтық жұмыс (Тұсаукесер)
3. Жұптық жұмыс (Инсерт)
4. Жеке жұмыс (Деңгейлік тапсырмалар)
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру
1. 1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу (2 - минут) назарын сабаққа аудару
1. 2. Топқа бөлу ( Үш топқа бөлінеді) ( 2 - минут)
ІІ. Ой қозғау(Сұрақтар қою техникасы) ( 3 - минут)
1. Алғашқы адамдардың қоршаған орта туралы ой - пікірлері (әлем туралы аңыздар)?
2. Ертедегі қоршаған дүниенің тұрмыс тіршілігі туралы қандай қызықты мағұлматтар білесіңдер?
3. Анимизм, тотемизм сөздерінің мәні?
4. Гравюра, рельефт сөздерінің мәні?
5. Пұтқа табынушылық , құдай мен рухқа сену, өнердің тууы, тастағы суреттер?
Бағдаршам (қызыл түс - түк түсінбедім, сары - қиындық туғызады, жасыл - түсіндім
II - Топтық жұмыс (Тұсаукесер) (15 - минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Тұсаукесерді немесе бейнероликті зейін сала көре отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:
1. Тұсаукесерде кім туралы айтылып, не көрсетілді?
2. Тұсаукесердің негізгі мәні, басты айтар ойы неде?
Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді (әр топқа 1 - минут).
III. Жұптық жұмыс (Инсерт) (10 - минут)
Берілген мәтінмен жұмыс жасауда белгілерді қолданыңыз:
√- бұрыннан білемін; + - енді білдім;?- түсінбедім.
1 - Өндіріске металл құрал - саймандардың енуі?
2 - Андрон мәдениеті туралы?
3 - Беғазы - Дәндібай мәдениеті?
Мәтінде не туралы қалай баяндалады?
Екі жұлдыз бір ұсыныс
IV Жеке жұмыс (Деңгейлік тапсырмалар )(5 - минут)
1. Кесте толтыру
Қазақстан территориясындағы қола дәуірі жүктеу
Тарих туралы түсінік, Қазақстан тарихының кезеңдері (қысқа мерзімді жоспар) толық нұсқасын қарау