Наурыз айы - Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы

Скачать

Өткізілген күн: 16 наурыз 2018 жыл
Сынып: 4
Мектеп оқушыларына арналған Наурыз мерекесі қарсаңындағы мерекелік бағдарламаның сценарииі.
Қош келдің – әз Наурыз!

Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Кіріспе.
1 - жүргізуші: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің - асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – жаңа күн деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
2 - жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі, қуаныш, бақыт пен шаттық, еңбек мерекесі.
1 - жүргізуші:
Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда - жылда қарсы алайық.
2 - жүргізуші:
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Оқушылар шығып Наурыз көктем әнін айтады.
Осы кезде Шашу шашылады

1 - жүргізуші: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
2 - жүргізуші: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,
Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.
Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,
Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.

1 - жүргізуші:
- Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің сыныбымыздың оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей сол оқушыларымызды ортаға шақырайық.
1 – жұп: 4 А сынып екі оқушыдан
2 – жұп: 4 Б сынып екі оқушыдан
3 – жұп: 4 В сынып екі оқушыдан
4 - жұп: 4 Г сынып екі оқушыдан
5 - жұп: 4 Д сынып екі оқушыдан

1 - жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 4 байқаудан тұрады.
1 – бөлім: Тәуелсіз Қазақстан ,
2 - бөлім: Наурыз - жыл басы ,
3 - бөлім: Үлкен қалада ,
4 - бөлім: Ою ойғанның ойы ұшқыр грамматикалық тапсырмалар .
2 - жүргізуші:
Бізге айтып береді,
Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтеді. әділ қазылардың аты - жөні жарияланады .

1 - жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстан бөлімімізден бастайық.
Викторинаның басталуы.
2 бөлімнен кейін
Қристинаның әні Девочка из Казахстана
1 - жүргізуші:
Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,

2 - жүргізуші:
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.

Соңы
Би Джантлеева Е.

Солтүстік Қазақстан облысы,
Петропавл қаласы, БЭСТ Гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Садырова М. Қ.


Скачать


zharar.kz