Ақ Орда (13 - 1 5 ғасырдың басы)
Конспект
Ақ Орда – Қазақстан аумағында монғолдардан кейін құрылған алғашқы мемлекет. Ақ Орданың аумағы Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейін, Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығын алып жатты. Орталығы – Сығанақ қаласы.
Ақ Орда 14 ғасырдың екінші ширегінен бастап Алтын Ордадан біржолата бөліне бастады. 14 ғасырдың екінші жартысынан бастап Алтын Ордада аласапыран төңкеріс басталды. 60 - жылдары Сарай қаласында бір жылдың ішінде 4 хан ауысқан. Осы тартысты пайдаланған Ұрұс хан билікті қолына алып, мемлекетті нығайтты. Әмір Темір Тоқтамысты пайдаланып, Ақ Орда мен Алтын Орданы басып алуға тырысады. Ұрұс хан мен баласы Тоқтақия қайтыс болғаннан кейін Әмір Темір Тоқтамысты Ақ Орда тағына отырғызды. 1395 жылы Әмір Темір Тоқтамыстың орнына Ақ Орда тағына Қойыршақ оғланды (Ұрұстың баласы) хан етіп қойды.
Ақ Орда ханы Барақ Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасады. Әбілхайыр Шайбани Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып, өз хандығын құрды. Ал Ұрұс хан ұрпақтары 15 ғасырда Ақ Орда жерінде Қазақ мемлекетін құрды.
Конспект сұрақтар
1. Ұлытау, Орал тауларының бөктерлері пайдаланылды:
2. Ерзен хан тұсында Ақ Ордада дамыды:
3. Ақ Орданың біраз жерін жаулап, өз хандығын құрды:
4. Сырдария бойындағы қалалар үшін Ұлықбекпен соғысты:
5. 1380 жылы Тоқтамыс хан басып алды:
6. Тоқтамыс Сығанақты біржолата алды:
7. Әмір Темірдің Тоқтамысқа көмектескендегі мақсаты:
8. Ұрұс ханның Сарайды, Қажы - Тарханды басып алған уақыты:
9. 14 ғасырдың 60 - жылдары Сарай қаласында бір жылда билікке келді:
10. Мүбәрак хан өз атынан теңге соқтырды:
11. Ақ Орданың Алтын Ордадан біржола бөліне бастаған кезі:
12. Ақ Орда мемлекетінің сипаты:
13. Ақ Орданың аумағы:
14. Қазақстан аумағында монғолдардан кейін құрылған алғашқы мемлекет:
15. Жошы ұлысының сол қанатын басқарды:
16. Ақ Орда билеушісі, Жәнібектің әкесі:
Тақырыптың тесті