Ана туралы мақал-мәтелдер жинағы
Анасын ренжіткендерді
Алла тағала да жақтамайды.
Ақылды әйел ішінде, алтын бесікті ұл жатар.
Анаға баланың алалығы жоқ.
Мейірімі мол ананың —
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.
Баласы атқа шапса анасы үйде тақымын қысады.
Анасын сүйгеннің баласын сүй.
Ананың сүті - бал, баланың тілі – бал.
Көне киім жаңаны сақтайды,
Кәрі кемпір баланы сақтайды.
Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.
Ажалды ана жеңеді.
Алты бала таппай, ана атанбайды
Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!
Көне киім жаңаны сақтайды,
Кәрі кемпір баланы сақтайды.
Ананың сүйген жері:
Отқа күймейді,
Оқ та тимейді.
Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.
Ақ жаулығы ананың —
Ақ көрпесі баланың.
Ағайын — алтау,
Ана — біреу.