Камаринская қай халықтың шығармасы

Скачать

Неміс композиторы Л. Бетховен шығармаларындағы халық музыкасы

Кіріспе
Осы ашық сабағымды ұсынған себебім: бүкіл әлем халықтарын мойындатқан ұлы тұлға, ұлы неміс композиторы Л. Бетховен өзінің қиыншылық өміріне қарамастан, әлемдік музыканы басқа халықтардың музыкалық фольклорымен түрлендіре отырып, бай қазыналы шығармалар қалдырған. Сонымен қатар музыкада шекара жоқ
екенін, кездесетін кедергілер болмайтынын, ол – қайда болсақ та, біздің жұтатын ауамыз, ішетін суымыз секілді ортақ пайдалануға жарайтын өнер екендігін тағы да дәлелдеген - Л. Бетховеннің зор мұрасын осы сабақ арқылы көрсеткім келді.
Мақсаты:
1. Білімділігі: Әлем композиторларының шығармаларымен танысу, орыс ән - биі Камаринскаяға жаңаша сипат берген ұлы неміс композиторы Л. Бетховеннің өмірімен және шығармашылығымен танысу, әнін орындау.
2. Дамытушылығы: Музыкалық шығарманы түсініп тыңдай білу, әнді өз дәрежесінде дұрыс орындай білу, ауызша сөйлеу қабілетін жетілдіру арқылы, оқушылардың ой - өрісін музыкалық қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелілігі: Басқа ұлт өкілдерінің шығармаларын өз дәрежесінде бағалай білуге, музыка арқылы достықты нығайтуға, музыкалық шығарманы түсіне біліп, әсерлі орындай білуге тәрбиелеу.
Оқыту технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау.
Қолданылған әдебиеттер: Музыка 4 - сынып, әдістемелік кітапша,
Музыка әлемінде журналы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқу құралдарын әзірлеу.
Үй тапсырмасын сұрау: (Интерактивті тақта арқылы)
Үй жұмысының сұрақтары
1. К. Күмісбековтың шығармаларын ата.
2. Келіңдер, ән шырқайық!
3. Камаринская қай халықтың шығармасы.

Жаңа сабақ.
1. Музыка тыңдау: Л. Бетховен. Камаринская .
Орыс халқының би - әні тақырыбына
жазылған вариациялар.
2. Жаңа ән: Л. Бетховен. Сандуғаш
3. Музыкалық сауат: - композитор Л. Бетховен.
І. Ой толғаныс кезеңі:
1. Кітаппен жұмыс. (оқушыға оқыту, мазмұнын баяндату)
2. Кітаптан тыс жұмыс.(оқушыларға тарату) Жаңа тақырыпты 3 тақырыпшаға бөліп, 3топқа тарату.
а) Л. Бетховеннің дүниеге келуі.
ә) Көңілсіз балалық шақ.
б) Ауыр жастық шақ.
ІІ. Жаңа мағынаны тану кезеңі
1. Л. Бетховеннің дүниеге келуі.
Бонн - шағын неміс қаласы. 1770 жылы Людвиг ван Бетховеннің дүниеге келуі осы қаланы дүние жүзіне танытты.
Л. Бетховеннің ата - тегі музыканттар ұрпағы болған. Әкесі сарай музыканты болып, қызмет атқарды. Қатал әке отбасындағы жұтаң тіршілікке қарамастан түрлі ойысыз істерге, озбырлыққа баратын. Людвиг өте тұйық бала болып өсті. Ол бар жан - тәнімен музыканы ұнатты. Әкесінен жасырынып скрипкада ойнап үйренді.
2. Көңілсіз балалық шақ.
Бір күні әкесі оны көріп қойып, қатты ұрысады, бірақ әкесі одан пайда көруді ойлайды. Әкесі Бетховенге клавесин аспабында және скрипкада ойнауды үйретеді. Музыкалық жүйе атымен болмаса да, оқыту барысында оған қатаң талаптар қойды, сонда да музыканы жек көре алмады. Людвиг сегіз жасқа толғанда ең алғаш өзінің концертін берді. Концерт әкесіне қатты ұнайды. Содан кейін жан - жақтан мұғалімдер шақыра бастайды.
Көп еңбегінің арқасында Бетховен скрипкада, клавесинде, органда шебер ойнайтын болады. Бар күші мен уақытын музыкаға арнаған Бетховеннің жалпы білім беретін мектепке барып оқуға мүмкіндігі болмады, өйткені төлейтін ақшасы жоқ еді.

3. Ауыр жастық шақ.
Көңілсіз балалық шағынан кейін, қиын да ауыр жастық шағы келді. Оны бірінен соң бірі – тағдырдың соқпақтары күтіп тұр еді. Анасының өлімі, әкесінің ауруға ұшырауы, шешек ауруының салдарынан бетінің бұзылуы. Ал ең ауыр соққы – құлағының естімей қалуы еді. Сондада ол өзінің таңдап алған жолынан таймады. Қатты күйзеліс, қиналыс кезінде де ол музыкаға табынатын, одан күш - қайрат алатын.
Әр топтан 1оқушы шығып, берілген тақырып бойынша, мазмұнын айту.
(Тақырып мәтініне байланысты суреттерді интерактивті тақтадан көрсету)

Музыка тыңдау
1. Орыстың халық би - әні Камаринская - тыңдау
2. Л. Бетховен орыс халқының би - әні Камаринская тақырыбына жазған варияциясын тыңдау.
Тапсырма:
а) Тыңдаған шығармаларды салыстыра отырып, әуен өзгерістерін ажырату.
ә) Орыс әуенінің неміс музыкасына тән сипатқа ие болуын ажырата білу
а) Камаринская - орыс әуенінде
ә) Камаринская – неміс әуенінде
Жауабы:
1. Варияцияда мажор мен минор арасында айырмашылық кездеседі.
2. Орыс әуені неміс музыкасына тән сипатқа ие болады.
а) әуен өзгереді
ә) біркелкі ырғақ пайда болады.
б) екінші фраза қысқа орындалады.

Анаграммалық ойын арқылы жаңа әуеннің тақырыбын білейік!
У А Ш Ғ А С Д Н
5 2 8 6 7 1 4 3

Жаңа ән: Сандуғаш Л. Бетховен.
1. Дауыс жаттығуы.
2. Әнді мұғалімнің орындауында тыңдау.
3. Әннің сөзімен жұмыс.
4. Әнді орындату.

Сандуғаш.
1. Іздейсің нені сандуғаш?
Қонбайсың жерге де.
Көзіңнен неге тамды жас?
Қамықтың сен неге?

Білсең ғой менің зарымды,
Ананың арманын.
Жоғалттым балапанымды,
Сол үшін зарладым.


Скачать


zharar.kz