Математика 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу.
Жалпы мақсаттар:
Мақсаты: теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу туралы білімдерін жетілдіру; алған білімдерін таныс және жаңа оқу жағдайларында пайдалана білуге үйрету; математика бойынша білім - білік жүйелерін игеру деңгейлерін тексеру; логикалық ойлауларын дамыту.
І Кіріспе. Топқа бөлу
Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.
Тұсаукесер Ынтымақтастық атмосферасы
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып, бүгінгі күніне сәттілік тілейді.
Үй тапсырмасын пысықтау
№ 7, 8. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)
ІІ Негізгі бөлім
Жаңа сабақ
Жаңа сабақ: Ауызша жұмыс: 1. Математикалық диктант. Кім шапшаң?
- 7 саны 49 – ден неше есе кем? (7)
- 48 шығу үшін 8 - ді неше есе арттыру керек? (6)
- 8 шығу үшін 56 - ны нешеге бөлу керек? (7)
- Азайғыш – 1000, азайтқыш – 450. Айырманың мәнін тап. (550)
- Бөлінгіш – 320. Бөлінді – 4. Бөлгіш нешеге тең? (80)
- Санның төрттен бір бөлігі 60 - қа тең. Сан нешеге тең? (240)
№ 1. Жасырын санды ата.
№ 6. Теңдеулерді шеш. (4 оқушы тақтада)
Ү. Өтілген материал бойынша жұмыс. Түсіндіріп шығару.
1). № 3. Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару.
1 тәсіл. Амалдарды немесе өрнек бойынша есептеу.
Торкөз дәптер – 30 дана 70 дана ----------------- Ш: 70 – 30 = 40 (жолды дәптер)
Жолды дәптер -? дана ------------------------------- Ж: 40 жолды дәптер.
2 тәсіл: Теңдеудің көмегімен есептеу. ---------- Теңдеу құрамыз:
Торкөз дәптер – 30 дана ------------------------------ 30 + х = 70
Жолды дәптер - х дана 70 дана --------------------- Х = 70 – 30
Х жолды дәптер сатып алдық дейік. --------------- Х = 40 (жолды дәптер)
------------------------------------------------------------------ Ж: 40 жолды дәптер
(ә, б тапсырмаларды орындап теңдік, теңсіздік туралы білімдерін қорытындылау.)
2). № 4. (3 топқа бөлініп, І топ – а, ІІ топ – ә, ІІІ топ – б.)
І сөреде – 45 кітап. ---------------------------------------- Ш: 145 – (45 + 45 ∙ 2) = 10
ІІ сөреде -?, 2 есе артық 145 кітап -------------------- Ж: ІІІ сөреде 10 кітап бар.
ІІІ сөре?
3). Өздік жұмыс: № 5. Кестені пайдаланып, тура теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыр.
165: 5 29 ∙ 4 ------------------- 425 + 230 150 – 117
Сергіту сәті Сергіту сәті. Отбасы мерекесіне орай
Көңілді қалпақ ойыны
Басына қалпақ түскен оқушы жеті байлықты табады табады.
Ой толғаныс
№ 8. Өздік жұмыс. Фигуралардың периметрі мен ауданын тап.
Р = (5 + 3) ∙ 2 = 16 (см) --------- S = 5 ∙ 3 = 15 (см2)
Р = 3 ∙ 4 = 12 (см) ---------------- S = 3 ∙ 3 = 9 (см2)
№ 9. шығармашылық жұмыс
ІІІ Қорытынды
Бүгінгі сабақта біз не істедік?
Үй тапсырмасы
№ 7. 12 бет.
Рефлексия. Бағалау
Бүгінгі сабақта қалай жұмыстандың?
Смайликтерге жапсыру.
Толық нұсқасын жүктеу