Аймақтар бойынша біз цифралардың көптен бері жаңартпаған едік

Скачать

Қазақстан халқының саны 18 миллионға жетті
ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов Қазақстан халқының саны жайында мағлұмат берді. Ол туралы sn. kz. хабарлайды. Ол халық санын онлайн түрде есептейтін арнайы жобаның іске қосылғанын да айтты.

"Статистика қуантарлықтай деңгейде. Біздің санымыз 18 миллионға жетіп отыр. Аймақтар бойынша біз цифралардың көптен бері жаңартпаған едік. Өздеріңіз білесіздер, халық санағы 10 жылда бір өтеді, бірақ халық саны туралы мәлімет үнемі жаңарып отырады. Енді әрбір адам онлайн режимде қазақстандықтардың санын бақылауына болады. Яғни, жаңа туған сәбилерді, елге көшіп келген азаматтарды бірден есепке алынады", - деді Дәленов үкімет отырысы барысында.

Вице - министрдің айтуынша, халық саны туралы толық ақпарат биыл шілде айында көпке жария етілмек. 1 мамырдағы көрсеткіш бойынша қазақстандықтар саны 17 994 000 адамға жеткен.
Сондай - ақ, Дәленов қазақстандықтардың өмір сүру жасы 67 - ден 72 - ге дейін өскенін атап өтті.


Скачать


zharar.kz