Брэйн - ринг

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Сабақтың мақсаты:
1. Есепті теңдеу құру арқылы шығаруды пысықтау, бекіту, қозғалысқа арналған есептер шығаруды пысықтау. Периметр, аудан, көлем табуды бекіту.
2. Оқушылардың іздену қабілетін шыңдау.
3. Логикалық ой - өрістерін дамыту.
Сабақтың түрі: Брэйн - ринг.
Көрнекілігі: есептің сызбасы, жаңа сабақ кестесі, теңдеу құруға сигналдық карточкалар.
Ертегі кейіпкерлері бейнелері, қораптар, текше, параллепипед.
Техникалық құрал: магнитафон, кассета асылбек Еңсепов Балалық шақ .

І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Бүгін математика сабағымыз Брэйн - ринг ойыны түрінде өтеді. Үш топқа бөлінеміз. Топ жетекшілерін сайлаймыз. Әр топ өз түстері белгіленген сигналдық карточкамен белгі беріп жауап береді.

ІІ. Дайындық кезеңі:
1. Ауызша есептеуге тақтаға кесте ілінеді (музыка ойналады). Өрнектің мәнін тез ауызша есептеп табамыз.
- 1991 қандай сан, нені білдіреді, қандай оқиғаны білдіреді?
- Дұрыс, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылы.

2. Кубизм ойыны арқылы формулалар туралы ереже айту.
Әр топқа текшені айналдыра түсіріп, текшенің жоғарғы бетіндегі формула туралы сөйлеу керек.
- Периметр деген не? Оның формуласы қандай?
- Аудан қалай табылады?
- көлем деген не? Ненің көлемін таба аламыз?
Текше және параллепипедтің көлемі


Скачать


zharar.kz