Ана тілі 2 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза. “Бөрте мен Зөре”.
Сақтың мақсаты:
Білімділік: Әңгіменің мазмұнын ашу, әңгімедегі негізгі ойды ұғындыру табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін тереңдете түсу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге, өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО әдістері(Венн диаграммасы, топтастыру) Сұрақ – жауап, әңгімелеу,
Көрнекілік: Шерхан Мұртазаның портреті, қызыл кітап.
Пән аралық байланысы: дүниетану, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. а) оқушылардың сабаққа әзірлігін байқау.
III. Психологиялық дайындық:
Сен күлгенде күледі,
Ойыңды айтпай біледі
Ренжісең, ренжіп,
Сенімен бірге жүреді
Сырыңды барып айтасың
Үйге бірге қайтасың
(достық)
(қолдарын ұстап достар бір - біріне жақсы тілектер тілейді).
IV. Үй тапсырмасын тексеру:
1. “Ұстаз” өлеңін мәнерлеп оқыту.
2. Өлеңнің авторы туралы әңгімелеу.
Жұбан Молдағалиев (1920 - 1989). Орал облысы, Тайпақ ауданы, Сайқұдық деген жерде туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ақын, жазушы. Ақын балаларға арнап “Қызыл галстук ” атты поэма жазған.
Оқулықпен жұмыс.
1. Өлеңде кім туралы жырланды?
2. Бірінші шумақта ұстаздың мейірімділігі туралы не делінген.
3. Ақын ұстазды кімдерге теңейді? Неліктен?
4. Үшінші шумақта ұстаздың қажырлы еңбегі туралы қай жолдарында айтылған?
Сөздік жұмыс.
“суарып білім – шәрбатпен” дегенді қалай түсінесің.
Шығармашылық жұмыс.
“Менің ұстазым” тақырыбында әңгімелерін тыңдау.
Ұстаз - білімді, мейрімді, қамқор, екінші анамыз.
Өткен сабақты бекіту.
Венн диаграммасы
1. Ұстаздың бейнеті - Ыстық – суық демей еңбек ету, шыдамды болу, төзімді болу.
2. Ұстаздың зейнеті - Еңбегі бағаланады, еленеді, елге көмегі тиеді, алғыс алады, рахатын көреді.
Жаңа сабақ: Шерхан Мұртаза. “Бөрте мен Зөре”.
- Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, қане кім бірінші табады?
Жұмбақ: Жақпар тастың өркешіне
Секіреді құламай.
Қия құздың өр төсіне
Орғып шығар ол оңай. Ол не? (арқар)
- Жарайсыңдар, балалар, ендеше біз бүгін Шерхан Мұртазаның Бөрте мен Зөре атты әңгімесін оқып танысамыз. Алдымен автор жайлы не білеміз? Қане тыңдайық.
Шерхан Мұртаза.
Көрнекті қазақ жазушысы. Белгілі қоғам қайраткері. 1993 жыл 28 қырқүйекте Әулиеата уезі, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ топырағында дүниеге келген. 1955 жыл Мәскеудегі Ломаносов атындағы мемлекеттік университетті бітірген. 1963 жылы “Жазушы баспасөзінің редакторы”, республикалық “Лениншілік жас, газеті ”Жалын”, “Жұлдыз” журналдарында бас редакторы болып істеді.