Иді терінің шел жағынан бетіне әлденеше рет жағып илеу

Скачать

Қызылорда облысы
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№100 орта мектебінің бейнелеу және сызу пәні мұғалімі
Есіркеев Қайрат Еленбайұлы

Сабақ тақырыбы. Тері өңдеу технологиясы
Сабақ мақсаты: тері өңдеу технологиясы туралы, түсінік беру үйрету, жұмыс жасау
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: түсіндіру сұрау, сарамандық
Көрнекілік тері түрлері, плакаттар

Сабақ барысы: 1 ұйымдастыру
2 оқушыларды түгелдеу
3 тақта, көрнекілік, жұмыс орнын даярлау
4 үй тапсырмасымен жұмыс
5 жаңа сабақ
6 үйге тапсырма

Жаңа сабақ
Тері өңдеу өнері

Тері туралы
Материалдар, құралдар
Технологиясы

Тері туралы
Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату көптен бері келе жатқан тәсілдердің бірі.
Ірі қара малының иленбеген терісін шылғи тері ал иленіп ұқсатылғаннан кейін оны қайыс деп атайды.
Шылғи теріні ұқсатудың екі түрі бар
Бірі – оның жүнін сылып тастап пайдалану
Екіншісі – теріні жүнін сылмай - ақ пайдалану
Негізінен жаңа сойылған мал терісін тұз сеппей орап жылы жерге қойса ол өз - өзінен 2 - 3 күннің ішінде жидіп жүні түсіп қалады, терінің ең сапалы тұсы малдың жоны мен сауырында, қабырғалық деп аталатын қос қапталында болады. Мойын терісі жұқалау болады, Терісі ең қалың мал – сиыр, содан кейін – түйе, ең жұқа тері – жылқы терісі.
ірі қара терісін – сиыр терісі. Өгіз. Тайынша. Бұзау
жылқы терісін – бие, жабағы. Құлын.
түйе терісін – атан. Бота.
қой терісін – жабағы. Қырықпа, күздік, соғым, тықыр,
аң терісін – түлкі, қарсақ, қоян,
Тері қабаты – эпидермис, тері негізі, шел...

Тері бояу

Тері илеу
Тері түрлері
Тері технологиясы
Теріден жасалатын бұйымдар

Тері илеу

Теріні толық малмаға салып батыру.
Иді терінің шел жағынан бетіне әлденеше рет жағып илеу.
Малма – іркіттен ашыған айраннан немесе құрттың сары суынан, кейде оларға кебек болмаса ұн қосып ашыған сұйық заттан жасалады.

Илеу технологиясы

Түйе – сойылған теріні жылы жерге бір тәулік қойып келесі күні жүнін жұлып малмаға саламыз малмада 15 - 17 күн тұрады. Содан кейін алып тазартып бір күн кептіреміз, ылғалдау күйінде талқыға салып жұмсартамыз.

Жылқы – сойылып алынған теріні екі күндей жылы жерде ұстап сосын жүнінен тазартып малмаға салады, малмада 14 - 15 күн ұстайды малмадан алып тазалап бір күн кептіріп талқыға
салып жұмсартады.


Скачать


zharar.kz