Ілмек бізбен тоқылатын бұйымдарды ата

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Майлық іліп тоқу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: майлықты іліп тоқу әдісін үйрету.
Дамытушылық: жұмыс барысында оқушылардың теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, ой-өрісін, көркемдік талғамдарын арттырып, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: өз бетімен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: дайын тоқылған бұйымдар, үлгілер.
Құрал – жабдықтар: әр түрлі тоқуға арналған жіптер, ілмек біз, қайшы.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушыларды түгендеу
б) оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру
в) оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

II. Үй тапсырмасын тексеру:
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
1. Ілмек бізбен тоқылатын бұйымдарды ата.
2. Тоқу өнерінің бірнеше түрі бар.
3. Ілмек бізбен тоқу үшін не білуіміз керек?
4. Ілмекпен тоқуда негізгі элементтерін ата.
5. Қауіпсіздік ережелерін ата.

III. Жаңа сабақ.
Енді бүгінгі сабағымызда жуан жіптерді жуан ілмек бізбен, ал жіңішке ілмек бізбен тоқу керек. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады, жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер, т.б. Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген, ал дастарқан, майлық, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Майлықты айналдырып шеңбер жасай тоқимыз. Ілмекбізбен айналдыра шеңбер жасап тоқуға болады, бұл тәсілде ортасынан бастап бір бағытта тоқиды және жұмысты (тоқып отырған бұйымды) айналдырудың қажеті жоқ. Ол үшін бос шалулардан тізбек тоқып, тоқылған тізбектің бірінші бос шалуына ілмекбізді кіргізіп, біріктіргіш бағаншалармен сақина жасап тұйықтау керек. Содан кейін осы сақинаға өрнек бойынша бағаншалар тоқиды, әрбір айналымды көтеретін бос шалудан бастап, соңғы көтеретін бос шалулармен және біріктіретін бағаншаменен аяқталады. Дөңгеленген қатарларға жайма бұралып кетпеуі үшін үстеме шалулар қосып отыру керек. Жіпті жайманың терістеме жағынан тоқып бекітеді.
Сарамандық жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздік ережесін есімізге түсірейік.
1. Қайшыны ашық тастама;
2. Қайшыны жолдасыңа үшкір жағымен берме;
3. Тоқымы жіпті қолмен үзуге болмайды;
4. Ілмек бізбен жұмыс жасағанда абай болу керек;
5. Жұмыс соңында орныңды тазалап кету керек.

IV. Сарамандық жұмыс.
1. 16 бос шалудан тізбек тоқу 3 көтерме бос шалу алып, сұлба бойынша селдір өрнек тоқу.
2. Майлықты крахмалдау.
Шартты белгілері:
- бос ұяшық 1 шалмалы бағанша, 2 бос шалу.
• - толы ұяшық 3 шамалы бағанша
Қат
Қатардың соңғы ұяшығын аяқтау үшін қосымша 1 шалмалы бағанша тоқу.

V. Сабақты бекіту.
Оқушылардың жұмыстарын тексеру, қорытындылау, бағалау.
VI. Үйге тапсырма беру.


Скачать


zharar.kz