Тұқым себуге арналған СЗ - 3, 6 машинасы
Сабақтың мақсаты:
а) оқыту: Тұқым себуге арналған СЗ - 3, 6 машинасының құрылысымен танысу
б) дамыту: ой - өрісін сана - сезімін дамытып, қабілетін ашу.
в) тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, икемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, тұқым себуге арналған СЗ - 3, 6 машина макеттері, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: биология, агрономия, химия, тракторлар мен автомобильдер, физика
Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Себуге қойылатын агротехникалық талаптар және себу тәсілдері.
2. Септкіштердің жіктелуі.
3. Сепкіш аппаратар.
4. Дән және тыңайтқыш өткізгіштер.
5. Сошниктер.
Сепкіштер (сеялкалар)
Сеялкалар егу, тракторға агрегаттау әдістеріне және пайдалану орнына (себетін дақылдарға) қарай ажыратылады.
Егу әдісіне қарай сеялкалар қатарлап себетін, тар қатарлы, пунктирлі, шаршы - ұялы, бір дәндеп және шашып себетін сеялкалар болып бөлінеді. Қатарлы және тар қатарлы сеялкалар тұқымды топыраққа қатараралыққа берілген қашықтықта, шаршы ұялы сеялкалар шаршы бұрыштарына ұялап, пунктир сеялкалар берілген қашықтықта бір - бір дәннен шашып тұқымдық дәнді егістіктің беткі қабатына бөліп себеді.
Тракторға агрегаттау әдісі бойынша сеялкалар тракторға аспалы, жартылай аспалы және тіркемелі болып бөлінеді.
Пайдалануына қарай дән - тыңайтқыш, дән - тыңайтқыш - шөп, жүгері, қызылша, көкөніс, ағаш т. б. сеялкалары деп аталады.
Себудің белгіленген нормасына сай сеялкалар тұқым мен тыңайтқышты алаңмен қатарларға біркелкі сеуіп, топырақтың ылғалды қабатына берілген тереңдікте сіңіруі керек. Себу кезінде қатарлардың түзулігі және қатараралықтарының белгіленген түйісуін сақтау қамтамасыз етілуі тиіс. Шала және қайта себуге болмайды.
Әрбір сеялканың жұмыс органдары және көмекші бөлшектері мен механизмдері болады. Оның тікелей себу процесін орындайтын жұмыс органдарына тұқым жәшігі, сепкіш аппарат, тұқым өткізгіш, сіңіргіш қарғылары бар сошниктер жатады. Көмекші механизмдері жұмыс органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Олар – тіркемесі бар рама, осьтері бар тіреуіш - жетек доңғалақтары, көтеру және сошниктердің жүріс тереңдігін белгілейтін механизмдер, доңғалақтардан сепкіш аппараттың біліктерін қозғалысқа келтіретін беріліс механизмдер бекіту детальдары.
Сеялкалардың пайдаланылуына қарай жұмыс органдарын ауыстыруға болады.
Машинаның көмекші бөлшектері түрлі сеялкалардың конструкциясына ерекше өзгеріссіз енгізіле береді.
Агрегаттарды түзу жүргізу және дәнді шала сеппес үшін сеялкалар маркерлермен және із түсіргіштермен жабдықталады.