Мен өзіме сенемін психологиялық тренингі
Психологиялық тренинг мақсаты:
Оқушыға өз өмірінің субъектісі екеніне көзін жеткізуге көмек жасау. Сонымен қатар ҰБТ - ны тапсыру кезінде барынша толық өз мүмкіндігін іске асыру. Біздің қолдауды қажет ететін оқушыларды табу: үздіктер және ҰБТ - ға дайындық кезінде белгілі бір қиындықта, түлектерге жағымды психоэмоционалды күйіне жетуге тиімді жағдай тудыру.
Міндеттері:
ҰБТ - ға дайындық тиімділігін арттыру.
ҰБТ кезінде психологиялық тұрғыдан дұрыс ұстау.
Ойлау жұмысын дамытуға әрекет ету.
Шешуші сәтте өзін жұмылдыра білу.
Өз эмоцияларын басқара алу.
Психологиялық тренингтің жоспары:
1. Танысу жаттығуы
2. Сағат тілі жаттығуы
3. А) Менің отбасым суретін салу (оқушылар үшін)
Б) Ата – ана, менің суретімді тапшы (ата – аналар үшін)
В) Мен кім және мен қандаймын? жаттығуы (пән мұғалімдері мен ата – аналар үшін)
4. Көңіл күй айнасы релаксациялық кезең
5. Дыбыстық гимнастика жаттығуы
6. Түлектерге арналған аффирмация
7. Бос орындық сергіту жаттығуы
8. Гимназия түлектерінің ата – аналарына арналған кеңестер
9. Эксперимент жаттығуы
10. Өміршеңдік ережесі сенімділік бағдарламасы\
11. Рефлексия. Біз біргеміз және сенімдіміз
1. Танысу жаттығуы
Нұсқау: Тренингке қатысушылар шеңберге жиналады, жұлдызшалар таратылып беріледі.
Қатысушылар өздеріне тренингтік есім тағайындап, жұлдызшаларға жазып, кеуделеріне жабыстырады.
Тренингтік ереже:
• Тренингке берілген регламентті сақтау
• Қатысушыларды тренингтік есімдерімен атау
• Қатысушылар бір – біріне кедергі келтірмеу
2. Сағат тілі жаттығуы
Нұсқау: қатысушыларға сағаттың суреті бинеленген қағаздар таратылып беріледі. Қатысушылар психологтың нұсқауымен уақыт аралықтарына өздері қалаған қатысушылардың есімдерін жазады. Есімдер жазылып болған соң, психологтың бұйыруымен әрбір қатысушы өз таңдаулары бойынша адамдарды іздейді: Мысалы:
13 - 14 аралығы – амандасу
15 - 16 аралығы – күлімдеу
17 - 18 аралығы - комплимент айту
19 - 20 аралығы – басынан сипау
21 - 22 аралығы – қол алып амандасу
23 - 00 аралығы – мимика арқылы сыйлық сыйлау
4. Менің отбасым жобалау әдістемесі
Нұсқау: Білім алушылар менің отбасым тақырыбына сурет салу тапсырылады. Салынып болған суреттер жинап алынады, ата – аналары өз балаларының салған суреттерін табуы қажет.
Талқылау сұрақтары:
Өз балаңыздың суретін табу қиын болды ма?
Өз балаңыздың суретін қандай элементтер бойынша таптыңыз?
Мен қандаймын және кіммін жаттығуы
Нұсқау: ата – аналар мен мұғалімдерге алдын ала дайындалған бүктелген қағаздар таратылып беріледі. Берілген қағаздың бірінші бетіне Кіммін , екінші бетіне қандаймын сұрақтарына жауап жазып, жазылған жауаптарды сәйкестендіріп оқимыз.
4. Дыбыстық гимнастика
Нұсқау: Психологтың нұсқауы бойынша берілген әріптерді хормен қайталау. Психолог айтылған әріптердің адам ағзасы үшін маңыздылығын түсіндіреді.
А – дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартады
Е – дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтеді
И – ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартады
О – жүрек және өкпенің жұмысын белсендіреді
Х - барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседі
Ха – ха – көңіл күйді көтереді.
6. Түлектерге арналған аффирмация (Аффирмация тақтадан көрсетіліп, дауысталып оқылады.)
Аффирмация – (өзін - өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады).
• Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.
• Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.
• Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.
• Болып жатқан істің барлығы – менің игілігім үшін жасалуда.
• Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді.
• Мен қандай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.
• Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.
• Менің өміріме сәттіліктің, атақ - даңқтың келуін қуана қабылдаймын.
• Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамын.
• Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.
Мен өзіме сенемін психологиялық тренингі. жүктеу