Коучинг тақырыбы: Шығарма жазу жолдары мен әдістері
Мақсаты: оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі жазуға бағыттау.
Күтілетін нәтиже: оқушының тілдік мәдениеті, сөздік қоры, теориялық білімі, әдеби ұғым - түсінігі, жазуға икемі мен ойлау деңгейі артады.
Ресурстар: тапсырма жазылған парақтар, стикерлер.
Оқыту әдістері: дейін - кейін әдісі, жұптық, топтық жұмыс.
Коучинг кезеңдері
Ұйымдастыру кезеңі
Дейін - кейін стратегиясы
Үлестірілген ақ қағаздың дейін бағанасына шығарма жаздырудағы кездесетін қиындықтарды жазады.
Негізгі бөлім Шығарма жазу жолдары мен әдістері тақырыпты таңдау бағытында түсінік беріп өтемін.
Қатысушылар қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінеді.
1 - тапсырма
Тақтаға Отан, Ана, Білім сөздері жазылған парақ ілемін.
2 - тапсырма
Таңдаған тақырыптарыңызға топтастыру сызбасын толтырыңыз.
3 - тапсырма
Сол сөздерден сөз тіркестері жасаңыз.
4 - тапсырма
Жазған сөз тіркестерінен жай және құрмалас сөйлем құраңыз.
5 - тапсырма
Жазған сөйлемдеріңізден мәтін құраңыздар. Дәптердің бір жолын қалдыра отырып көк сиямен жазыңыздар.
6 - тапсырма
Бос қалдырған жолға қызыл сиямен мәтінге байланысты мақал - мәтелдер, өлең жолдарын жазыңыздар, сонымен қатар өмірмен байланыстыруға болады.
7 - тапсырма
Сіздер енді көк сиямен жазған мәтін мен қызыл сиялы мәтінді бір - бірімен байланыстыра отырып шығарма жазыңыздар.
7 тапсырманы ретімен орындап, жазған шығармаларын оқиды.
Кері байланыс Дейін - кейін стратегиясы
Коучинг сабақтың оқушылар үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау үшін, тақырып бойынша не білгені туралы кейін бағанасын толтырады.