Қазақ әдебиеті 8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ж. Жабаев. Сұраншы , Өтеген батыр дастандары
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, орта мерзімдік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы
Жалпы мақсаты: Ж. Жабаевтың шығармашылығынан алған білімдерін жинақтау, Өтеген батыр , Сұраншы батыр дастандарындағы Өтегеннің және Сұраншының бейнесін талдау, шығарманың тәрбиелік мәнін ашу.
Оқыту нәтижесі: СТО - ға үйрете отырып, мәнерлеп оқуға, оны талқылауға үйрету
Топпен бірлесе жұмыс жасай біледі, тақырыпты аша алады, ережеге бағынады, бір - бірін тыңдай біледі
Оқыту формасы: Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу
Оқуда қолданылатын модульдер мен әдіс - тәсілдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін және оқуды бағалау. Миға шабуыл әдісі, топтық жұмыс, Венн диаграммасы, бес жолды өлең
Құрал – жабдықтар: тақта, кеспе қағаздар
1 кезең
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру Оқушылармен амандасып, түгендеу
Ж. Жабаев өмірі, шығармашылығы туралы, өлеңдерінің мазмұнын сұраймын.
Миға шабуыл әдісі арқылы қосымша сұрақтар қоямын. Оқушылар үйге тапсырманы айтады.
2 кезең
Жаңа сабақ Мағынаны тану
Жамбылдың отаншыл жырларының ішінде дастандары ерекше орын алады. Өтеген батыр мен Сұраншы батыр дастандары күрделі дастандар қатарына жатады.
Ақын осы екі дастанды біp жылдары қатар жырласа керек. Сұраншы батыр дастанын Жамбыл ең алғаш рет Садырмек деген беделді кісінің асы күні толғапты. Бұл жиын Жиренайғыр деген өзеннің бойында өтеді. Ертеде Сұраншы батыр қоқандықтармен осы өзен бойында соғысып жеңіске жеткен екен. Міне осы өзен бойында жайлаған Шапырашты, Дулат, Ысты, Жаныс ақындар Жамбылдан Сұраншы батыр дастанын жырлауды өтініпті. Халық талабымен Жамбыл Сұраншы батырды таң атқанша жырлаған екен.
Сұраншы – тарихта болған адам, Жетісу халқының мүддесін қорғаған нағыз батыр. Жер жәннаты Жетісуды алуға бip жағынан патшаның, екінші жағынан – қоқандықтардың ұмтылғаны тарихтан белгілі. Қоқандықтардың озбырлығынан зәбір көріп, бастарына қаралы күн туған халық ендігі үміт Сұраншы батырда екендігіне тоқтасады. Сөйтіп, хабаршы жіберіп, Сұраншы батырды алдырады.