Қарағанды қаласы,
Қазыбек би ауданы №6 жалпы білім беретін орта мектебі КММ
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Тайжанова Жулдыз Мараловна
Пәні: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Сабақтың тақырыбы: Салыстыру
Сабақтың мақсаты: 1. 10 көлеміндегі сан мен санды, сан мен өрнекті, өрнекпен өрнекті салыстыру дағдыларын бекіту.
2. Таным, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Қамқорлыққа, көмек қолын соза білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: мақта қыз бен мысық ертегісінің кейіпкерлерінің суреттері, карточкалар, қатырма қағаздан жасалған түрлі-түсті қарындаштар, асықтар, қапшықтар, жапырақ суреттер.
Пән аралық байланыс: көркем әдебиет, дене тәрбиесі, ұлттық дүниетаным.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-( )
- Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақшы. Себебі бүгін бізде көптеген қонақтар отыр.
Енді бәріміз мына суретке назар аударайық. Қай ертегінің кейіпкерлерін көріп тұрсыңдар?
-(мысық пен мақта қыз)
- Дұрыс айтасыңдар. Енді мені мұқият тыңдаңдар.
Жаңа сабақ
Бір күні мақта қыз үй жинап жүріп көптеген қарындаштар тауып алады. Содан мақта қыз мысықты шақырады.
Мысық келіп: Не болды?- дейді.
Мақта қыз: мен мына көп қарындаштарды тауып алдым. Енді соларды салыстырып көмектесші.
Мысық: 5(сары) 5(қара)
2(сары) 8(жасыл)
3(күлгін) =7(көк)
6(қоңыр) =4(сәбіз түст)
Дұрысы: 5(сары) =5(қара)
2(сары)