Сабақтың мақсаты:
Білімділік: - Толағай әдеби ертегісінің мазмұны, идеясымен таныстыру;
Дамытушылық: - Әдеби ертегіні ертегіден ажырата білуге үйрету, өзіндік ойын дәлелдей, тұжырымдай білуге жетелеу;
Тәрбиелік: - Елге, Отанға деген патриоттық сезімін ояту, сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Талдау, салыстыру, топтастыру.
Көрнектілігі: Интерактивті тақта.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткенді пысықтау
ІІІ. Жаңа материалды игеру
ІҮ. Үйге тапсырма беру
ҮІ. Бағалау
ІІ. Өткенді пысықтау
Алла мейірімі эссе.
ІІІ. Жаңа материалды игеру
Әдеби ертегі туралы түсінік
Ә. Тәжібаевтың өмірі
Толағай ертегісі
Эпиграф
Әбділда Тәжібаев – қазақ поэзиясына әсерлі, сапалы көркем бір ағым кіргізген ақын (Мұхтар Әуезов)
Әбділда Тәжібаевтың өміріне шолу.
1909 жылы 4 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1998 жылы 23қыркүйекте 89 жасында дүниеден өткен.
Ә. Тәжібаев – ақын, драматург, әдебиет зерттеуші, Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы,, профессор.
Республикалық Жас алаш , Қазақ әдебиеті газеттерінде қызмет атқар ған. Толағай әдеби ертегісін1978 жылы жазған.
Тақырыбы:
Толағайдың ерлігі.
Идеясы:
Ерлік, ел үшін жанын қиған.
Мінездеме:
- Жақсы, балалар, еліміздің үміт артып отырған Толағайы сендерсіңдер. Бүгінгі тәуелсіздік тұғыры биікте тұрған заманымызда азулы барыстай жауына төтеп беретін ұл – қыздары сендерсіңдер. Сендердің ойларыңша бүгінгі күн азаматы қандай болу керек?
Толағай әдеби ертегісінің сюжеттік жоспарын құру:
1. Дүниеге алып болар баланың келуі.
2. Толағайдың ер жетуі.
3. Алғашқы ерлік.
4. Алыптың жан күйзелісі.
5. Тау көтерген Толағай
6. Ер есімі ел есінде.
Кітаппен жұмыс
Мінезі, дене құрлысын сипаттайтын жерін тауып оқу.(1, 3, 7 жасының суреттелуі).
Ана мен баланың әңгімелескен диалогін тауып оқу.
Айсұлудың портретін тауып оқу.
Венн диаграммасы. Бұрынғы оқыған ертегінің кейіпкері Кендебай мен Толағайды салыстыру
● Кендебай.
1. Ай сайын емес, күн сайын, 6 күнде күліп, 60 күнде 6 жастағы бала болады.
2. Шыңыраудан атанды жалғыз өзі тартып шығады, көкжалды өлтіреді, айдаһарды, арыстанды жеңеді.
3. Таз, кедей балаға ата - анасын тауып әкеледі.
● Толағай.
1. Толағай алып денелі, он баланы көтерсе қабырғасы қайыспайтын мықты болды.
2. Жолбарысты мысықтай көріп, ұршықтай иіреді, тауды жалғыз өзі көтереді.
3. Толағай еліне жаңбыр алып келіп, халқын аман алып қалады.
● Ортақ қасиет.
Батыр, ел қорғаны, жанашыр, мейірімді, қайырымды, алып бала
Қорытынды:
Еліміздің үміт артып отырған бүгінгі толағайлары – сендерсіңдер, ендеше осы атымызға лайық болайық.
Үй тапсырмасы:
Әдеби ертегінің мазмұнын баяндау, ұнаған жерін жаттау.
Бағалау