Қазақтар көрген екен қиындықты,
Қиындықты жеңу үшін жиылыпты.
Жебей гөр деп әрқашан бізді мәңгі,
Хақ тәңірім бір Аллаға сиыныпты.
Ең алғашқы көрген азап жоңғар-қалмақ,
Жоңғарлар елімізді жаулап алмақ.
Ай, қайдан Қобыландыдай батырларым,
Елімізді жаудан аман сақтап қалмақ.
Екінші ең сорақы азабымыз,
Жоқ болды сол бір сәтте тамағымыз,
Жалғыз-ақ талап еді орыстарға,
Бір үзім нан берші деп жалынамыз
Аштықтан аман өтті мықты қазақ,
Тағы да басталды бір сол бір азап.
41-мен,45-жылдар аралығы
45-ай жеңіс деген неткен ғажап.
41-де басталды соғысымыз
Немістер мен алысу сол ісіміз
Бауыржан,Әлия,Мәншүк батырларым
Оғымыз таусылмайды бар күшіміз
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді
Қайрат,Ләззат ақыры дес бермеді.
Бақыттымыз бір Аллаға сансыз шүкір,
23 жыл ТӘУЕЛСІЗДІК келгелі.