Оқушыны Өтепберген Ақыпбекұлының Мен таңдайтын мамандық

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Өтепберген Ақыпбекұлы. Мен таңдайтын мамандық...
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыны Өтепберген Ақыпбекұлының Мен таңдайтын мамандық... атты өлеңін мәнерлеп ырғағына келтіріп оқуға, түсінгенін әңгімелей білуге үйрету, ақынның ой түйінін ашуға жағдай жасау.
Дамытушылығы: өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылықпен ойлауын дамыту, мамандық таңдауға баулу;
Тәрбиелігі: мамандықтарды қадірлеуге, құрметтеуге үйрету.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жылуым мол бойымда.
Жан дүниемде күн нұрлы
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

II. Үй тапсырмасын сұрау: Дегелеңдегі жарылыс
1. Мәтіннің басында кімдер туралы әңгімеленген?
2. Бас кейіпкерді атаңдар
3. Неге барлық бала оған қызыға да, қызғана да қарайтын?
4. Үлкендер арасында қандай әңгіме шықты?
5. Бұл хабарды халық қалай қабылдады?
6. Дегелең тауына ұлдар неге барды?
7. Дегелең үстінде жарылған не нәрсе?
8. Осы жарылыстың әсерінен Қажымұрат қандай жағдайға душар болды?

III. Үй тапсырмасын пысықтау: Қажымұрат ісіне баға бер, өз ойыңды айт. Ол жердегі табиғатта өзгеріс болды ма?

IV. Мақсат қою кезеңі:
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық. Қандай мамандықтарды білесіңдер?
Сендердің ата – аналарыңның мамандығы жайлы не айтар едіңдер?

V. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Тақтадағы мамандық жайлы суреттер топтамасы бойынша не айтар едіңдер? Сіздер мамандықтың қандай түрлерін білесіңдер?
Ой қозғау.
- Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Ел болашағы – білімді ұрпақ деп, сіздерге үлкен сенім білдіруде. Қазір сендер кішкентай болғанмен, ертең еліміздің кемелденуіне, гүлденуіне үлес қосатын маман болып, еліміздің түпкір - түпкірінде еңбек ететіндеріңе менің сенімім мол. Сондықтан біз әлі кішкентаймыз демей, осы күннен мамандық таңдауды армандауымыз керек екен. Біздің бүгінгі сабағымыз да мамандық таңдауға байланысты. Іштеріңде мамандық таңдап жүрген оқушылар бар ма?
Өтепберген Ақыпбекұлы туралы мәлімет.
Жазушы, ақын, аудармашы. Халықаралық мүшәйралардың жүлдегері

Өтепберген Ақыпбекұлы 1950 - 2007 жылдары Талдықорған облысы, Қапал ауданы, Қызылағаш ауылында дүниеге келген. Доп , Футболшы боламын , Жарыс жағасында , Жылдың төрт мезгілі жыр жинақтары бар.
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігін татпа бар қалан деп Абай Құнанбаев атамыз айтқандай - Өтепберген Ақыпбекұлының Мен таңдайтын мамандық... атты өлеңінен өзімізге қандай мамандық таңдасақ екен? Мүмкін, мына өлеңде біздің болашақ мамандығымыз туралы бар шығар.......
Оқулықпен жұмыс: Түсініп, мәнерлеп оқу. Әр мамандықты жеке – жеке оқып ол туралы білетіндерін әңгімелеу.

Мен таңдайтын мамандық....
Ай – хой, ғажап қандай бұл!
Ал, қане, кәсіп таңдай біл:
Аламын қандай мамандық,
Алдымда толған таңдау тұр.



Скачать


zharar.kz