Оқушының білімдерін бекіту, пысықтау Озық ойлы оқушы ойын түрінде

Скачать

Математика 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Интегралды қолданып есептер шығару

Сабақтың мақсаты
Білімділік: Интегралды пайдаланып фигуранын ауданын, көлемін табуға оқушылардың алған білімдерін пысықтау, қорытындылау және бекіту.
Дамытушылық: Есептер шығаруда оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, өзіні - өзі басқаруға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білімдерін бекіту.
Сабақтың түрі: Интелект шоу.
Сабақтың әдісі: деңгейлеп саралап және ұжымдық оқыту.
Пәнаралық байланыс: физика, ағылшын, орыс тілі
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспелер, буклет

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә) сабаққа дайындығын тексеру
б) сабақ мақсатымен таныстыру.

2. Үй тапсырмасын тексеру:
а) берілген тапсырманы тексеріп оқушы өзін -өзі бағалайды.
ә) Өткен тақырыпты сұрақ – жауаптар арқылы қайталау.
3. Оқушының білімдерін бекіту, пысықтау Озық ойлы оқушы ойын түрінде.

Кіріспе: Бүгінгі сабағымызды Озық ойлы оқушы ойыны түрінде өтеміз.
Бұл ойын XXI ғасыр көшбасшысы ойынының негізінде алынған. Ол мынадай кезеңдерден тұрады:
1. Бәйге
2. Полиглот
3. Ғажайып жетілік
4. Кім тапқыр?
5. Мәре

Есепшот комиссиясын сабағымызға қатысып отырған қонақтарымыздан сайлаймыз. Әр кезең баллмен бағаланады.
I кезең. Бәйге
Қазақтың ұлттық ойыны ат жарысы. Бұл бәйгеден озып келген ат жүйрік те, төзімді болуына, шабандоздың шеберлігі мен білімділігіне байланысты.
1. Қандай функция алғашқы функция деп атаймыз


Скачать


zharar.kz