Тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Хор Ән ұран
1 - жургізуші: Армысыздар ұстаздар мен оқушылар! Бүкіл қазақ елінде тойланып жатқан тәуелсіздік күніне арналған Желтоқсан жаңғырығы – егемендік атты жиынға қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында талай қанды қырғынды, зорлық зомбылықтарды көрді, қасірет шекті. Соның бірі Алматыда болған жастар көтерілісі.
1 - жүргізуші: ИӘ, желтоқсан оқиғасының жаңғырығы жүздеген жылдарға кететініне, ешқандай күмән жоқ. 1991жылы ақ түйенің қарны жарылып, шаттыққа бөлендік.
2 - жүргізуші: Желтоқсан жаңғырығы – егемендік атты жиынымызды ашу үшін сөз кезегін мектебіміздің директоры Мамбетов Әлішер ағайға береміз.
1 - жүргізуші Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған Тәуелсіздік тұғыры биік тақырыбында баяндама оқылады. Баяндама оқитын Файзуллаева Асем
2 - жүргізуші. Таңғажайып атың да дәл табылды
Табылды да талай жұртқа танылды
Қазақ елі, көкке жетті көк туын,
Сен Тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі
Ән Қазақ елі
1 - жүргізуші. Армысыздар бұл кештің қонақтары
Халқымыздың әрқашанда қонақ бағы
Сәлем бердік тағы да алдарыңда
Қазақтың ол анық қол өнері таңы
Қошеметтеп қол соғып шақырайық
Мың бұралсын бишілер ортамызда
Би: Қазақ биі
Хор. ЖЕЛТОКСАН ЖЕЛІ
2 - жүргізуші: Ұмыта алмас қазағым тылсымдарды
Тәуелсіздік табынар бүршік жарды
Желтоқсанның ызғары - ай дірілдеткен
Еске алам мен кешегі қыршындарды
Көрініс. Желтоқсан толқындары
Ән Мен қазақ қыздарына қайран қалам
1 - жүргізуші. Тәуелсіздік бізге оңай келмеді
Асау аттай өз тізгінін бермеді
Қазағымның алтын басын иілтіп
Талай дұшпан төрімізге төрледі
Көркем сөз Желтоқсан желі
2 - жүргізуші. Ырыс бақ жан - жағымда гүл боп жайнап
Сенбісің Қазақстан деген аймақ
Сенбісің дүниені дүр сілкінтіп
Өмірдің думан тойын жатқан тойлап
Көрініс: Тамаша
1 - жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік - ел бақыты, ертеңі
О, халайық, құтты болсын қуаныш
Ән: Заман - ай
2 - жүргізуші: Жас арудың жанарында желтоқсан
Қанды ғасыр табанында желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған халқының
Қара тұман қабағында желтоқсан
Ән: "Қара бауыр қасқалдақ"
Бұл ән желтоқсан оқиғасының боздақтарына арналады.
1 - жүргізуші: Тойланып мың мереке, ұлыс күні
Құйылған шаңырақтан ырыс нұры
Халқымның бақыты үшін аз байлық па
Тәуелсіз елімнің тыныштығы
Көрініс: Тамашадан үзінді
Ән. Еркеледің сен
2 - жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік
Ғасырдың тойы болшы келе берер
Ән Ұлы адамға арнау
1 - жүргізуші: Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О, тәңірім бізді баққа жолықтыр
Бүгін міне тәуелсіздік ағайын
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр
Ән Әдемі
2 - жүргізуші. Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өркендер ақталады
Ер намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады
1 - жүргізуші Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар
Елің алды егеменді теңдігін
Ән Туған жер
2 – жүргізуші Құрметті жиналған қауым! Сіздерді тағы да тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтай отырып, мемлекетімізге жарқын болашақ, ұрпағымызға саулық тілейміз.
1 – жүргізуші Осымен бүгінгі желтоқсан жаңғырығы егемендік атты концерттік бағдарламамыз аяқталды. Қош, сау болыңыздар!