Үйді дуға қарық қып Құралай жүр манадан

Скачать

Тұманбай Молдағалиев өлеңі

Дала бүгін ақ ала, дала бүгін шағала,
Қонып жатыр шағала, менің келіп жағама.
Аспан мен жер арасы алым - беріс қозғалыс,
Қарауытар маңайың қадағанмен көзді алыс.

Қар жауды , - деп күнсініп, анам отыр бүрісіп.
Қар жауды , - деп қуанып, Құралайым жүр ұшіп.
Қыс кеп қалды жарықтық , - деп қояды кәрі анам.
Үйді дуға қарық қып Құралай жүр манадан.

Анам күннің өткенін ұнатпайды, шамасы,
Жақындаған көктемін қызықтап жүр баласы
Ұнатпайды анашым бұрқыраған боранды,
Желді, қарды, аязды жек көретін боп алды.

Немересін құшақтап, бір күрсініп қояды,
Жақын қалды, дегендей, - өмірімнің бораны .
Күн де батып барады, жел соғады шамалы,
Жапалақтап далада жауып жатыр қар әлі.

Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz