Шылаудың ерекшелігі
Шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар.
1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.
2. Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.
3. Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады және толық мағыналы сөздің жетегінде қосымша мән үстей қолданылады.
4. Шылаулар түрленбейді. Шылаулар – лексикалық мағынасынан айрылу нәтижесінде пайда болған сөздер
• Шылаулар білдіретін мәніне қарай 3 түрге бөлінеді
1. Септеулік
2. Жалғаулық
3. Демеулік
• Шылаулардың емлесі: Шылаулардың көпшілігі өздері қатысты сөзден бөлек жазылады және кейбірі дефис арқылы жазылады.
1. және, мен (бен, пен) шылаулары қайталанбай қолданылады. Бұл жалғаулықтар байланыстырған сөздер мен сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды. Мысалы: Керімбала мен Мұратәлі бұлар көшіп келген соң қыдырып келген.
2. Да (де, та, те) шылаулары бөлек жазылады, оны түсіріп те айтуға немесе жалғаулық мәнінде келгенде басқа жалғаулықпен алмастырып та қолдануға болады. Мысалы: Балабектің де барғысы келді.
3. Дефис арқылы жазылатын шылаулар – ақ,- ай,- ау,- мыс (- міс),- ды, (- ді) демеуліктері өзі шылау болып жұмсалған, яғни өзінен бұрын тұрған сөзбен дефис арқылы жазылады. Мысалы: Діңкелеп шаршаған күн де ұясына барып қонды - ау ақыры.