Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалығы

Скачать

Қазақ әдебиеті 6 сынып
Батырлар жыры Алпамыс батыр жыры арқылы жыршылықты таныту
Сабақтың түрі: Интеграциялық сабақ
Сабақтың тәсілі: Проблемалық жағдаят – жыршылықты таныту.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, музыка, бейнелеу өнері
Сабақтың көрнекілігі: Алпамыс батыр бейнесі, Алпамыс батыр жыры. Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалығы. Алпамыс батыр жырының оқиғалық, бейнелік суреттері.

Сабақтың білімділік мақсаты: Алпамыс батыр жырындағы – ерлік, батырлық елді сыртқы жаулардан қорғау кезеңін таныту. Алпамыс бейнесінің халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің көркі екендігін дәлелдеу.

• Сабақтың дамытушылық мақсаты: Сабақтың барысында Алпамыс бейнесіне тән қасиеттерді саралай талдата отырып, жеке тұлғаның көркем сөйлеу мен көркем жазу шығармашылығын (құзыреттігін) арттыру. Жырды сүйсіне жырлап, ұрпақтан ұрпаққа мұра ету, отаншылдық идеясын асқақтату.

• Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Алпамыс бойындағы адами ізгілік қасиеттерді оқушы бойына дарыта отырып, өз елін, Отанын сүюге, адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Түрткі тапсырмалар
1 - топ Батыр туса, ел ырысы
2 - топ Ер қаруы - бес қару
3 - топ Ат - ер қанаты
4 - топ Еліңді сүйсең, ерлік істейсің

Әзіреті - Қаратау әулиенің кені еді неліктен олай айтылады деп ойлайсың?
Атбесік салып басына қабірін бұлар түзеді дегенді қалай түсіндірер едің?
“Ғайып – ерен қырық шілтен баланы қолдан демеді” деген тіркеске түсінік бер.
Жыр тыңдап көрдің бе? Жырлау қолымыздан келе ме? Жыр дегенімізді қалай түсінеміз? Оқулықта берілген үзіндіні сұрақ - жауап түрінде жатқа оқу.


Скачать


zharar.kz