Айдананың орындауында Бақыт биі

Скачать

Балдаурен би байқауы

Армысыздар, ардақты ата - аналар, аяулы бүлдіршіндер, қадірменді қонақтар! Бүгінгі Балауса балабақшасының Балғын бишілер сайысына қош келдіңіздер. Сайымызды ашу үшін сөз балабақша меңгерушісі Ұ. Әшірбековаға беріледі.
Әр шаңыраққа әсем үнімен, ерке қылығымен бақыт сыйлайтын, әр отбасының базары мен ажары болған бүлдіршіндер бүгін ортамызда би билеп өнерлерін көрсетпек. Бүлдіршіндердің өнерін сараптайтын қазылар алқасымен таныстырамын:
1. Алтынай апай
2. Ақынсара апай
3. Гүлмира апай

Сайыстың шарттары:
Сайыс 2 бөлімнен тұрады, қатысушы бірінші қазақ биін, екінші еркін биін билейді. Қатысушының биге икемі, киімі, сахнаны меңгеруі ескеріледі.

Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздерінен мейірімді нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз бақытты балғын шақты балалар,- деп кезекті биші қыздарымызға береміз.
Би билейді талмайды,
Әсем ән де шырқайды
Сүп - сүйкімді Жанельді
Барлық бала тыңдайды.
Жанельдің орындауында қазақ биі Қамажай .

Әдепті ол сақтайды,
Шындықты әркез жақтайды
Айдананы апайлар
Тәртіпті деп мақтайды.
Айдананың орындауында Бақыт биі.

Үлкенге сәлем береді,
Кішіге қамқор жүрегі
Алмас кызы Мерейдің
Кезегі енді келеді,- деп би кезегін Мерейге береміз Қамажай

Бүгінгі би жарысқа
Шықты Дильназ қызымыз
Өнерде де, өмірде
Ашық болсын жолымыз,- деп Дильназды Шашу биімен шақырамыз.

Алау болып жанамын,
Жеңісті өзім аламын ,-
Деп келіпті Балжан қыз
Қуана қарсы аламыз!
Сүйкімді бүлдіршін Балжанның Япырай биін тамашалайық!

Ой арманын кешемін,
Ақылды боп өсемін
Бүгінгі би сайыста
Өнердің сырын шешемін,- деп келген Балаусаны Аққу биімен қарсы алайық!
Ал мен ақын боламын,
Сусылдаған қаламым
Дейді біздің Жансая
Таудан асқан талабым
Жансаяның . биін тамашалайық.

Кезекті ересектер тобына береміз.
Мен де биші боламын,
Жұлдыз болып жанамын
Деп жүр біздің Нұрила
Шұғыладай боламын!
Нұриланы Ақшолпан биімен қарсы алайық.

Ертеңгі күнін ойлайтын,
Биіктерге самғайтын
Меруерттей әсем қызымыз
өнерден құр қалмайтын,- деп Меруертті Қара жорға биімен қарсы алайық.
Өзі алғыр, жан - жақты,
Қызымыз бар сымбатты
Нұрсәуле біздің әрқашан
Ұстайды өзін салмақты,- деп келесі биші қызымыз Нұрсәулені ортаға шақырамыз.
Өнерменен көрсетейік біздер қызмет,
Әділқазы сіздерге де көп - көп рахмет!
Көрсетпесін өмір - өзен еш тауқымет,
Ризамыз ата - анаға жүрген демеп!

Балғын бишілер сайысына қатысушы бүлдіршіндерге өнер биігіне самғаған қанаттарың талмасын деп сайымызды аяқтаймыз.


Скачать


zharar.kz