Бірінші шартым

Скачать

Білім саласы: "Әлеуметтік орта"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Айналамен таныстыру
Тақырыбы: "Құстарға жем береміз"

Мақсаты: Балаларға жалпы құстар туралы мағлұматтар беру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, әсемдікті, әдемілікті көре білуге, табиғатты қорғап - аялай білуге үйрету. Балалардың бойында жанашырлық қамқорлық қасиеттерін егу. Құстарды жүйелі түрде қосымша қоректендіріп отырудың керектігін түсінуге жетелеу. Құстар туралы ой - өрістерін, түсініктерін дамыту. Қабылдау процестерін, көрнекі бейнелі және тілдік ойлау элементтерін дамыту. Балаларды қоршаған ортаны, кұстарды сүюге, қамқор болуға тәрбиелеу. Өзара іс - қимылға (сөйлеуге) қызығушылықпен ұмтылысты тәрбиелеу.

- Методикалық әдісі: Балалар сендер балабақшаға қай уақытта келесіңдер?
- Таңертең келеміз.
- Дұрыс айтасыңдар. Міне тағы да таң атып күн шықты. Ендеше сәлемдесіп алайықшы.
- Қайырлы таң, көздерім!
- Қайырлы таң, құлақтарым!
- Қайырлы таң, қолдарым!
- Қайырлы таң, аяқтарым!
Сендер ояндыңдар ма?
Ия біз ояндық!
- Көздерім көріп тұр
- Құлақтарым есітіп тұр
- Қолдарым қол соғып
- Аяқтарым топылдатты.
Біз ояндық!
Жарайсыңдар балалар!
Сендер білесіңдер ме қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
Көктемде бізге нелер ұшып келеді?
- Құстар.
Сендер сиқырлы баққа барғыларың келе ме?
Ия, барғымыз келеді.
- Менің қолымдағы сиқырлы таяқша, қазір мен таяқшамды сермеп қалсам біз сиқырлы бақта боламыз.
- Қандай керемет бақ, балалар сендерге ұнай ма?
- Бақта нелер өсіп тұр? (Музыка ойнап, тауыс құсы ұшып келеді)
Тәрбиеші: Балалар айналамыз жарық болып кеткен сияқты.
Тауыс құсы: Мен өз бағыма қонайын деп ұшып келсем, балалар келіп қалыпты ғой. Жарайды ендеше. Менің сендерге қоятын шартым бар орындасаңдар қонақ етемін, беретін сыйлығым да бар.
Бірінші шартым: Сендер қандай құстарды білесіңдер?
Балалар: Торғай, қарлығаш, қарға, сауысқан.
Тәрбиеші: Дұрыс айтысыңдар. Балалар құстар 2 - ге бөлінеді. Сендердің айтқан құстарың дала құстарына жатады. Ал үйлеріңде қандай құс бар?
- Тауық
Тауыққа сендер қандай күтім жасайсыңдар?
Балалар: су береміз, жем береміз.
Дұрыс айтасыңдар.
Құстар жайында білетін тақпағымызды айтайық
Шыр - шыр еткен торғайды
Қорғамасақ болмайды
Кіп-кішкентай торғайлар
Ағаштарды қорғайды.
Тауыс құсы: Менің қоятын 2 - шартым бар. Мен өз бағымды әсемдене түссін деп мынадай құстарды ала келіп едім. Осы құстарға қалай қамқорлық жасар едіңдер?
Тәрбиеші: Балалар, бұл көгершін деген құс, бұны бейбітшілік құсы деп атайды. Бұл құс еркіндікті жақсы көреді. Құстар аш болмас үшін біз не береміз?
Балалар: Жем береміз.
- Шөлдемес үшін не береміз?
Балалар: Су береміз.
Дұрыс айтасыңдар.
Балалардың жұмысы.
Тәрбиеші: Осындай әдемі ғажайып бақта тауыс құсымен бірге ойын ойнағыларың келе ме?
Ия.
Бәріміз бірге: "Ұшты - ұшты" ойынын ойнайық.
Тауыс құсы: Балалар сендердің құстарға жасаған қамқорлықтарың ұнады, ойындарың да жақсы екен.
Сендерге мына құстарды естелікке беремін.
Тәрбиеші: Ендеше, біздің де балабақшаға қайтатын уақытымыз болды. Сау болыңыз.


Скачать


zharar.kz