Қоянда қанша сәбіз бар, санаңдар

Скачать

Бауырсақтың үйге оралуы
Бірінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Шығармашылық Денсаулық
Кіші сала: Шығармашылық Сурет салу. Денсаулық Дене тәрбиесі
Мақсаты: Заттарды салыстыру дағдысын дамыту. Балалардың геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш. Ұқыпты жұмыс істей білуге үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту, ертегілерге деген қызығушылықтарын ояту.
Көрнекіліктер: Үлестірмелі карточкалар, Воскобович ойыны, интерактивті тақтадағы суреттер.
Сөздік жұмыс: Айлакер, қу

Мотивациялық қозғаушы
Ата мен әженің жылап, балалардан бауырсақты тауып берулеріне көмек сұрағанын көрсетеді.

Ұйымдастырушылық ізденіс
(Бауырсақ соқпақ жолмен домалап бара жатқанын көрсетіледі)
Балалар бауырсақ қайда кеткенін қарайық.
(Таңғалады)
- Балалар мынау не?
- Сәлеметсіз бе, Қоян! Сен бауырсақтың қайда кеткенін білесің бе?
Қоян: Білемін, бірақ сендер ең алдымен маған, мына менің сәбіз бен алмамның қанша екенін санап беруге көмектессеңдер ғана, оның қайда кеткенін айтамын.

Балалар көмектесеміз бе?
(Әрбір баланың алдында жеке карточкалар)
- Қоянда қанша сәбіз бар, санаңдар?
- Қоянда қанша алма бар, санаңдар?
Салыстыру.
- Қайсысы көп, сәбіз бе әлде алма?
- Олар тең болу үшін не істеу керек?

Қоян: Рахмет балалар, маған көмектестіңдер. Бауырсақ қасқырдың апанына қарай кетті. Сау болыңдар!

(Балалардың алдынан Қасқыр шығады)
- Сәлеметсіз бе, Қасқыр! Сен бауырсақтың қайда кеткенін көрдің бе?

Қасқыр: Көрдім, бірақ айтпаймын, ең алдымен мынаның не екенін тауып беріңдер.

Ойын: Төлдерін тап
Мақсаты: Үй жануарлары туралы білімдерін бекіту.

(Әуен қосылады)

Қасқыр: Рахмет балалар, маған көп көмектестіңдер. Енді Бауырсақтың қайда кеткенін айтайын. Ол Аюдың апанына қарай кетті.
Сау болыңдар!

(Балалардың алдынан Аю шығады)
- Сәлеметсіз бе, Аю! Сен бауырсақтың қайда кеткенін білесің бе?
Аю: Білемін, бірақ сендер ең алдымен менің тапсырмамды орындаңдар, мынау қандай ертегілер?

Аю: Рахмет, балалар! Маған көп көмек бердіңдер. Бауырсақ Түлкінің ініне қарай кетті. Жол болсын!

(Балалардың алдынан Түлкі шығады).
- Сәлеметсіз бе, Түлкі! Сен бауырсақтың қайда екенін білесің бе?
Түлкі: Әрине, білемін!
Бірақ, оның қайда екенін
айтпаймын, ең алдымен менің тапсырмамды орындаңдар, сосын ойланып көремін. Мынау үзінді қандай ертегілерден алынған және немен аяқталғанын мазмұндап беріңдер?

Түлкі: Рахмет балалар, сендер менің тапсырмамды жақсы орындадыңдар, сол үшін мен сендерге бауырсақты қайтарып беремін. Сау болыңдар!
(Бауырсақты атасы мен әжесіне қайтарады).
Балалар топқа оралатын кез келді


Скачать


zharar.kz