Тақырыбы: Тахауи Ахтановтың Күй аңызы әңгімесі (презентациясымен)
Мақсаты: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып, әңгіменің мазмұнын меңгеруге, талдауға, танымдық қабілетін, сөздік қорларын арттыруға, бір - бірімен жұптаса, топтаса сұхбатқа түсуіне, өз ойын еркін жеткізе алуына бағыт - бағдар беру.
Қолданылған модуль: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер (диалогтық оқыту, сұрақ қою стратегиясы), Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (ЖИГСО, Ментальді карта, Ой толғаныс - қиялдағы қозғалыс, INSERT, Синквейн әдіс - тәсілдері), Оқуды бағалау және оқытуды бағалау
(формативті және жиынтық бағалау)
Мұғалімнің іс - әрекеті: не істеймін?
Оқушылармен амандасып, олардың көңіл-күйлерін білгеннен кейін, бар - жоғын түгендеймін
1. Тахауи Ахтановтың Күй аңызы шығармасы бойынша сынып оқушыларын шағын топтарға бөлемін..
І топ: Өнер
ІІ топ: Күй
ІІІ топ: Күйші
Топ ұстанымын еске түсіртіп, оқушыларды жауапкершілікке шақырамын.
Оқушылардың іс - әрекеті
Оқушылар берілген қағаз қиындыларын таңдап алып, шағын топтарға бөлінеді.
Әр шағын топ бірлесе отырып, топ ережелерін еске түсіреді.
Мұғалімнің іс - әрекеті: не істеймін?
Үй тапсырмасына байланысты өткен сабақпен байланыстырып, түрткі сұрақтар қою.
1. ХХІ ғасырдың ұлы жазушысы, “Қараш - Қараш” хикаясының авторы кім?
2. “Қараш - Қараш” шығармасының негізгі тақырыбы не жайында?
3. “Қараш - Қараш” оқиғасының кейіпкерлерін атаңыз.
4. “Қараш - Қараш” деген ненің атауы?
5. Хикаяттағы намысшыл, кекшіл жігіт Бақтығұлдың тағдыры немен аяқталады?
6. Бақтығұл Жарасбайды не себептен өлтірмекші болады?
Оқушылардың іс - әрекеті
Оқушылар жұптаса, топтасы отырып экранда көрсетілген сұрақтарға жауап береді.
Мұғалімнің іс - әрекеті: не істеймін?
Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту мақсатында экраннан күйші, түйе, домбыраның суретін көрсетіп, түрткі сұрақтар қоямын.
Суреттер топтамасына байланысты сұрақтар:
1. Бұл үш суреттің арасында қандай
байланыс бар деп ойлайсыңдар?
1. Біз жоғарыда қандай күйді тыңдадық?
2. “Бозінген” күйінің шығу тарихын білеміз бе?
Оқушылардың іс - әрекеті
Экранда көрсетілген сұрақтарға жеке, жұпта, топта ойланып жауап береді