Балаларды мадақтап, сабақты аяқтау

Скачать

Математика
Сабақтың тақырыбы: 4 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты: 4 саны туралы ұғым беру, құрамы, цифр таңбасымен таныстыру.
Балалардың зейінін, ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: әліппе - дәптер, кеспе сандар, интерактивті тақта, таяқшалар.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, көрнекіліктер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Өтілген материалды пысықтау. 3 саны мен цифры. Үш таяқшадан геометриалық пішіндер
құрастыру.

II. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгінгі сабағымызға Тазша бала қонаққа келіпті. Ол бізге қоржын ала келіпті. Бұл қоржынның ішінде түрлі тапсырмалар бар екен. Егер тапсырмаларды дұрыс орындасақ Тазша бала бізге сыйлық береді.
- Балалар, тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма?
- Дайынбыз.

1 - тапсырма. Асық ойыны. Қоржынның ішінен 3 асықты бір - бірден алады да, ондағы тапсырмаларды орындайды.
1 - асық. Бір жылда неше мезгіл бар?
- Қыс, көктем, жаз, күз.
2 - асық. Төрт түлік малды ата.
Жылқы, қой, сиыр, түйе.
3 - асық. 4 - ке дейін санамақ айт.
Бір дегенім - білім.
Екі дегенім - етік.
Үш дегенім - үміт.
Төрт дегенім - тақия.
- Балалар, тапсырмаларды орындау барысында қандай санды көбірек естідік?
- 4 санын.
4 санының таңбасымен таныстыру.
Дәптермен жұмыс.
4 санын жазып шығу.

Сергіту сәті.
Ал, балалар, келіңдер
Орнымыздан тұрайық
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ
Топ - топ басайық
Бір отырып, бір тұрып.
Біз жаттығу жасайық.

2 - тапсырма. Логикалық (қисынды) есептер.
а) Бөлменің 4 бұрышы бар, әр бұрышта 1 мысықтан отыр. Барлығы неше мысық?
ә) Анасының мысығы, қызы, иті бар. Анасында неше бала бар?
б) Не ұзағырақ? Күз мезгілі ме немесе 3 ай: қыркүйек, қазан, қараша айлары ма?
в) 4 қайың ағашы өсіп тұр. 1 алма, 2 алмұрт, 3 жүзім, 4 шие жемісі. Сендер қайсы жемісті алып жер едіңдер?

3 - тапсырма. Ауызша есептер.
а) Табақта 2 алма
Қолымда 2 алма
Қосқанда барлығын
Болады неше алма?
(2+2=4)
ә) Көлден ұшты 4 қаз
Қайтып қонды 2 қаз
Ұшып кетті нешеуі?
(4 - 2=2)
б) Алма ағашта 4 алма,
Қандай тәтті жесе алма,
Төртеуінде жеп қойсаң
Қалады сонда неше алма?
(4 - 4=0)
в) Төменде бір қаз ұшады,
Үшеуі бұлтты құшады,
Қосқанда барлығын
Айтшы, қаз нешеу екенін?
(1+3=4)

4 - тапсырма. Сандар туралы жұмбақтар.

5 - тапсырма. Әліппе - дәптермен жұмыс.
Геометриялық пішіндерді пайдаланып есептер шығару.

6 - тапсырма. Тақтамен жұмыс.
1+2=
4 - 2=
3+1=
2+2=
4 - 1=
4 - 4=
7 - тапсырма. Ойын Адасқан сандар
Сандарды ретімен орналастыру.

Қорытынды
- Балалар, бүгін біз қай санмен таныстық?
- 4 саны неше бірліктен тұрады?
- Қандай есептер шығардық?
- Қандай ойындар ойнадық?
Балаларды мадақтап, сабақты аяқтау.


Скачать


zharar.kz