Қанатыңды қағып - қағып жіберіп

Скачать

Тұманбай Молдағалиев өлеңі

Қыран құс
Бақыттысың, қыран құс,
Бақытыңда шек бар ма.
Тағдырыңа айтасың ғой мың алғыс
Аспан барда, көк барда.

Сәл қамықсаң түнеріп,
Аспан бар деп ойлайсың.
Қанатыңды қағып - қағып жіберіп.
Шарықтайсың, ойнайсың.

Бақыт, міне, күш міне,
Шақырады жел күнде.
Қайсы бұлттың шығам десең үстіне,
Ол өзіңнің еркіңде.

Аяздарда тоңасың,
Жат қой саған дерт дейтін.
Қонам десең, қияға кеп қонасың,
Мерген осы жетпейтін.

Су мөлдірін ішесің,
Таңғалмайсың күштіге.
Түсем десең, тура келіп түсесің
Өз жауыңның үстіне.

Шырқау көкте ойнаған
Дауылдан да сен мықты.
Сенен ғана үйренсем деп ойланам
Еркіндік пен ерлікті!
Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz