Қырыққабаттан (капуста) жасалған салат

Скачать

Қырыққабаттан (капуста) жасалған салат.

Қырыққабат – 3-4 кг
Сәбіз – 0.5-1 кг
Пияз - 0.5-1 кг
Тәтті бұрыш (перец) - 0.5-1 кг
Қант (шекер) – 150 гр
Сұйық май – 200 гр
Уксус – 1-2 шай қасық
Тұз – 2-3 қасық

Барлық көкөністерді жуып тазалап алып, сәбізді теркадан өткізіңіз (соломка), капустаны, тәтті бұрышты, пиязды жіңішке ұзынша етіп тураңыз. Барлық туралған көкөністерді үлкен ыдысқа салыңыз. Соңынан дәміне қарай тұз, шекер, май аздап уксус қосуға болады. Бір ескертетін жайт уксусты аздап қосыңыз, себебі кейбіреулерге қышқыл дәм аса ұнамауы мүмкін. Қалған салатты банкіге салып, тоңазытқышта немесе салқын жерде 2 аптаға жуық сақтауға болады.


Скачать


zharar.kz