Қазақ әдебиеті 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Төлеген Айбергенов Ана өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Т. Айбергенов өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, ойлау көкжиегін кеңейту, ақынның ақындық ерекшелігіне тоқталу, шығарма мазмұнын ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушының өз бетінше салыстыра білуге үйрету, зерттеу, талдау, қорытынды, тұжырым жасауға машықтандыру; ой - өрісін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, ананы сүйіп - қадірлей білуге тәрбиелеу, аналардың баласы үшін не нәрсеге де даяр екенін ұғындыру.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау.
Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: слайд, видеороликтер, Т. Айбергенов портреті, кітаптары, ақын туралы естеліктер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңберіне тұрып, бүгінгі сабаққа ынта - жігерін арттыру үшін, Менің қолымнан келеді, өйткені мен... өз ойларын жалғастырып айтады.
ІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Айбергенов шыңы
Бәйшешектің ғұмырындай тағдыр кешкен мәрт батыр,
Өлеңінде ешбір ғасыр өшіре алмас өрт жатыр,
Намысынды дәуіріңе еткізбедің қақпақыл.
Міне содан, ұлтымызды рухсыздан күзетіп,
Сенің жырың шекарада әлі кұнге сапта тұр.
М. Шаханов
ӨЛЕ БЕРСІН КҮНШІЛДЕР КҮЙІГІНДЕ,
ӨЗ ҒАСЫРЫМ ӨЗІМНІҢ ИІНІМДЕ.
АҚ ЖАҢБЫРЛАР ТОЗДЫРҒАН ТАУ СИЯҚТЫ
МЕН ӨЛЕМІН ӨЗІМНІҢ БИІГІМДЕ!
- Оқушылар, бүгін біз сабақта қазақтың маңдайына сыймай кеткен ақын
Т. Айбергеновтің шығармашылығымен танысамыз және ақын өлеңдеріндегі ерекшеліктерге тоқталамыз.
Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ, бірақ...
Қайта алмайды қартың да бір ән салмай,
Онда ортаға тасталар ұран сондай,
Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам,
Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам,
Сәбилерге ағаны үлгі етемін,
Жеңгейлердің толтырам гүлге етегін..-
деп жырлап өткен ақын Төлеген Айбергенов аз ғана ғұмырында халқына шынайы поэзияның тәтті шырынынан дәм татқызып, терең ой мен мөлдір сезімдерді тек өзіне тән табиғи даралықпен жеткізе білген дарынды суреткер. Ол қазақ өлеңіне тұтас бір бетбұрыс ала келген ірі талант иесі.
Ақын жайлы толғаныстар
Амал барма, біз үш дарыннан ерте айырылдық. Олар – Абдолла, Баубек, Төлеген.
Ғабит Мүсірепов
Төлеген өмірінің де, оның ақындық шабытының да тым қысқа қайырылуы өте өкінішті. Бірақ бұндай ақынның екінші өмірі ұзақ болады. Оның өлеңдері халқына, болашақ ұрпақтарға рухани күш һәм ләззат беріп, мәңгі жасайды.
Ыбырайым Юсупов
Жадыңа тұт!