Арнайы құзіреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті

Скачать

Баяндама. Математика - информатика пәні мұғалімінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, білім көрсеткішінің жақсаруы мен білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін ең алдымен мұғалімдердің мәртебесін арттыру, бүкіл қызметі бойына мансаптың өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, мұғалімдердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымның ойлауына, келешегі жайлы толғануына, жаңа ойлармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болады. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтардың деңгейіне байланысты.

Кәсіби білім берудің мақсаты - әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағытталған білім беру. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы соmpetens белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді.

Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында мұғалім мамандардың кәсіби - тұлғалық құзырлығын қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде мұғалімдердің төмендегідей құзіреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.
1. Арнайы құзіреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
2. Әлеуметтік құзіреттілік – кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
3. Білім беру құзіреттілігі – педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.

Аталған құзіреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзіреттіліктерінің жан - жақты болуы талап етіледі. Егер мұғалім өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қойып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілуі арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана оқушы құзырлығын қалыптастыруға мүмкіндік табады. Тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан - жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарында қолдана алатындай дәрежеде ұсыну мұғалімнің құзіреттілігіне байланысты болады.


Скачать


zharar.kz