Есепші өз жұмысын атқара алмайды, бухгалтерлік есептің оңай сұрақтарын да білмейді

Скачать

Есепші өз жұмысын атқара алмайды, бухгалтерлік есептің оңай сұрақтарын да білмейді. Оған кім диплом берген? Оны қалай жұмыстан босатуға болады?
Білімі тypaлы құжатты берген бiлiм мекемесінің атауы дипломда міндетті түрде көрсетіледі.
Біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген жағдайда жұмыстан босату Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 54 - бабы 1 - тармағьг 3) тармақшасында айтылған негізде жүзеге асырылады.
Еңбек өтілінің ұзақтығы болмағандықтан тиісті тәжірибесі жоқ және заң актілерімен өзгеше белгіленбесе, арнайы білімі жоқ болса қызметкермен бұл негіз бойынша еңбек шартын бұзуға жол берiлмейдi.
Аталған негіз бойынша ҚР Еңбек кодексінің 56 - бабы 6 - тармағына сәйкес еңбек шартын бұзу аттестациялық комиссияның шешіміне негізделуге және оның құрамына қызметкерлер өкілі қатысуға тиіс.
Жұмыс беруші еңбек шартын Еңбек кодексінің 54 - бабы 1 - тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша бұзған кезде, Еңбек кодексінің 56 - бабы 5 тармағына сәйкес қызметкер келіскен жағдайда оны басқа жұмысқа ауыстыру шараларын қабылдауға тиіс.
ҚР Еңбек кодексінің 56 - бабы 2 - тармағына сәйкес қызметкерлермен біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген жағдайда еңбек шартын бұзу, осы ұйымның кәсіптік одағы органының дәлелді пікірін ескере отырып жүргізіледі.


Скачать


zharar.kz