Балалар ақыны Өтебай Тұрманжановтың өлеңдері
Ай мүйізді ақ қошқар,
Ай мүйізді ақ қошқар.
Аппақ жылы тоны бар,
Ақ тақтайдай жоны бар.
Маңдайында дөңі бар,
Мойнында меңі бар.
Қойды айнала байқайды,
Ауыр басын шайқайды,
Қотанын сақ қорғайды,
Ит - құсыңа болмайды,
Ақ қанжарын сермейді,
Төлін жауға бермейді.
Қасқыр келсе, сүзеді,
Омыртқасын үзеді.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Боранқұл селосы, Боранқұл орта мектебі
4 сынып оқушысы Бозаев Мейрамбек
Мұғалімі Нурекешова Тойган
Өтебай Тұрманжановтың өлеңдері