Тақырыбы: Зерде танымдық сайысы.
Мақсаты: Әліппе, ана тілінен алған білімдерін пысықтау, ойлау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Кіріспе: Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп демекші, бүгінгі 1 - кластар арасында өтетін Зерде танымдық сайысына қош келдіңіздер! Ойын бес кезеңнен тұрады.
1. Білгенге маржан 30 секунд
2. Жоғалған буынды тап 30 секунд
3. Әліппе (әріптен сөз құрау)
4. Дыбыс сырлары (1 минут ішінде)
5. Сыймай қалса тастама,
Келесі жолға тасымалда (сөзді тасымалдау)
Осы сайысқа қатысушылардың жауаптарын тыңдап, төрелік ететін бастауыш кластар кафедрасының жетекшісі Тлеулиева Гулайым Шингизовнаға қошемет көрсетейік.
Барысы: Қатысушыларымызға сәттілік тілеп, сайысымызды бастаймыз. Әр топ өз командаларын таныстырып өтсін.
1 - кезең. Білгенге маржан.
10 ұяшық беріледі. Әр топ ұяшық таңдап сондағы сұрақтарға 30 секунд ішінде жауап беруі тиіс. (білмесе, басқа топтан сұралады).
1 - ұяшық. Балалар, кітапты таза ұстаңдар! Осы сөйлемде неше сөз бар?
2 - ұяшық. Отбасы деген сөзде неше буын бар?
3 - ұяшық. Жуан дауысты дыбыстарды ата.
4 - ұяшық. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
5 - ұяшық. Дыбыстар нешеге бөлінеді? Атап бер.
6 - ұяшық. Сызба бойынша сөйлем құра.
7 - ұяшық. Буынға бөлінбейтін сөздерді ата.
8 - ұяшық. Отан сүйер ұлан болыңдар! Өз Отаныңа лайықты азамат болып өсіңдер! кімнің сөзі?
9- ұяшық. Қазақ тілінде қанша әріп бар?
10 - ұяшық. Жұмбақты шеш.
Қуалайсың, қоймайсың,
Асыр салып ойнайсың. (доп)
Әр дұрыс жауапқа бір ұпайдан беріледі.
2 - кезең. Жоғалған буынды тап
Әр топ бір - бір сөзден алып жоғалған буынды табады.(30 секунд)
Ша -(ңы)- рақ, жа -(ңа)- лық, ба -(уыр)- мал, жа -(уын)- гер, ел -(таң)- ба. (1 ұпай)
3 - кезең. Әліппе
Барлық топқа ортақ бір әріп беріп, 1 минут ішінде сол әріптен басталатын сөздер жаздыру. ( бірдей сөздер есептелмейді, адамның, қала - жер - су атаулары есептелмейді.)
4 - кезең. Дыбыс сырлары
30 секунд ішінде берілген дыбыстардың дауысты, дауыссыз екенін жаңылмай айту. ( әр топқа жеке - жеке беріледі.)
5 - кезең. Сыймай қалса тастама,
Келесі жолға тасымалда
Оқушылар сөзінің тасымалдану түрлерін көрсету.
Қорытынды: Төрешіге сөз беріп, жеңімпаздарды анықтау.