Жар - жар

Скачать

Мәшһүртану курсының 10 - сыныптағы базалық мазмұны
Мәшһүртану курсының базалық мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:
1. Кіріспе (1 сағат). Мәшһүртану курсының өтілу мақсаты мен міндеттері.
2. Мәшһүр мұрасы - рухани білім (7 сағат). Кемеңгердің өмірі. Зерттеген адамдар. Сыртқы және ішкі себептер. Өзіндік ізденіс жұмысы: Мәшһүрді қоршаған адамдар тақырыбына мектепішілік газетке мақала.
3. Мәшһүрдің рухани білім алуға себепші болған арналар (5 сағат). Халық мәдениетінің бай мұрасы. Шығыс мәдениеті. Араб - Иран және түрік халықтарының поэзиясы. Орыс мәдениеті. Медресе. Өзіндік ізденіс жұмысы: В. В. Радловтың өмірі жайлы баяндама жазып келу.
4. Тұрмыс - салт жырлары (4 сағат). Жар - жар. Жұбату. Беташар. Өзіндік ізденіс жұмысы: Жар - жар 2 - нұсқасынан 3 шумақ жаттау.
5. Халық өлеңдері (3 сағат). Қара өлең. Өтірік өлең. Өзіндік ізденіс жұмысы: Халық өлеңдерінің маңызы неде? пікір - талас.
6. Қазақ мақал - мәтелдері (3 сағат). Ескерту. Шығу тарихы. Өзіндік ізденіс жұмысы: 10 мақал ойдан шығару.
7. Жұмбақтар (1 сағат). Олардың мәні. Өзіндік ізденіс жұмысы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ жинағын әкелу.
8. Жаңылтпаштар (2 сағат). Бақсы сөзі. Өзіндік ізденіс жұмысы: 5 жаңылтпаш жатқа айту.
9. Бата үлгілері (3 сағат). Бата түрлері. Өзіндік ізденіс жұмысы: Наурыз кезіңде айтылатын бата түрлерін жазып келу.
10. Мысал - аңыз үлгілері (4 сағат). Бозторғай. Киік. Лашын мен қарға. Өзіндік ізденіс жұмысы: В. В. Радловтың жинаған аңызының біреуінің мазмұнын дайындап келу.
11. Қорытынды (1 сағат). Жыл бойы өткен материалдарды жүйелеу және қорытындылау


Скачать


zharar.kz